Новости

(Қазақша) BAQ league. “А” лигасы 8-турының таңдаулы құрамы жасалды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 8-турының қорытындысы бойынша жасалған «А» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қақпашы – Хасан ТАШЕНОВ (Хабар 24)

Трансферлік маусымнан кейін амплуасын өзгертіп, қақпадан орын алған Хасан Ташенов алғашқы матчында-ақ бірнеше тамаша сейвтерімен көзге түсті. Шыны керек, өткен турда ұлттық арна жігіттерін 10:2 есебімен ойсырата жеңгенімен «Хабар 24» матчты бір сыдырғы, сылбыр бастады. Алғашқы минуттарда белсенді болған «Qazaqstan TV» ойыншылары Хасан Ташенов қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасап, қарсыластарын қысып тастады. Егер осы сәттерде жүйкесі сыр беріп, тым болмағанда қақпасына бір гол жіберіп алғанда, онда «Qazaqstan TV» жігіттерін тоқтату қиын болар еді. Бірақ, Хасан қақпасын керемет қорғады. Соның арқасында әріптестеріне де қосымша қуат бітіп, 10 гол соғуға шамалары жетті.

Қорғаушылар – Рауан ОМАРХАН (Хабар 24) мен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

Үш гол, төрт ассист – міне, Рауан Омарханның өткен турдағы статистикасы осындай. Бір сөзбен айтқанда, «Qazaqstan TV» қақпасына соғылған 10 голдың кемі жетеуінде «Хабар 24» қорғаушысының еңбегі бар.

Көпшілік «The Terminator» деп атап кеткен «Elorda aqparat» капитаны өткен турда да әр кездегідей салқынқанды болып, «Спорт 59» шабуылшыларын тырп еткізбеді. Өзі де гол соғып, қорғаныста ғана емес, шабуылда да пайдалы екендігін кезекті рет дәлелдеді.

Шабуылшылар – Абдулла ТӨКЕНОВ (Қазмедиа А) пен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)

Менсінбей шықты ма, әлде расымен де ойындары жүрмеді ме, әйтеуір «Егемен Қазақстанға» қарсы ойынның алғашқы минуттарында «Қазмедиа А» жігіттері тым сылбыр болды. Тіпті, қақпасына бірінші болып та гол жіберіп алды. Егер Абдулла Төкеновтің жылдам соғылған қарымта добы болмағанда, онда екінші таймда естерін жинай алмай қалуы да мүмкін еді. Ал Абдулланың өзі мұнымен тынышталған жоқ, үзілістен кейін тағы екі гол соғып, хет-трик авторы атанды.

5:1 есебімен аяқталған кездесуде «Спорт 59» қақпасына хет-трик жасап, сұрмергендер тізімінде бірінші орынға көтерілген Бексаттар Саттар өзге шабуылшылар секілді сараң емес, әріптестерін де жарылқай біледі. Елтай Нұрғазин мен Мәди Ысқақовқа да ассистенттік жасап, қарсыластарына жалғыз өзі шахты да жасады, матты да қойды.

Резерв:

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat),

Қорғаушылар – Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа А) мен Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А),

Шабуылшылар – Аян ОМАРҚҰЛОВ (Хабар 24) пен Данияр БЕКЖАНОВ (Qazaqstan TV).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “Qazsport” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatin” ағылшын тілі орталығы, 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
No matches