Новости

(Қазақша) Үміт ақтамаған үздіктер немесе «А» лигасының таңдаусыз құрамына кімдер кірді

Бұлар өте мықты ойыншылар. Тіпті, әрқайсысы өз шебінің үздіктері. Онысын бұған дейінгі маусымдарда-ақ дәлелдеп қойған. Бірақ, шыны керек, биылғы ойындарын соншалықты сәтті болды дей алмайсың. Сондықтан, келесі маусымда намысқа тырысар деген үмітпен «таңдаусыз командамызға» мына үздіктерді қосып отырмыз.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Резерв – Шамкен БАЙЫРБЕК (Спорт 59)

Сауалнаманың қорытындысына қарайтын болсақ, Айбек Қабылша әлі өз мінберінен түскен жоқ. Дегенмен, бәрі де келісетін шығар, бұл бұрынғы Қабылша емес. Әсіресе, «Хабар» үшін аса маңызды ойындарда Айбек қақпасын жиі жоғалтып алып жатты. Бәлкім, сондықтан шығар, кейінгі кездері «Хабар» қосалқы қақпашы іздей бастады. Тіпті, «Еуразия+ОРТ» командасының киперіне көз қырын да салып жүр. Алайда, қалай десек те, Айбек Қабылша әлі талай жыл «Хабардың» «нөмір біріншісі» болып қала беретін сияқты.

«Спорт 59» жаңа қақпашы Алпыс Мейрамбаевты тапқалы Шамкен Байырбек қақпадағы орнынан біржола айрылған секілді. Алаңға шығып көріп еді, бірақ оны да қатырмады.

Қорғаушылар – Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (ЦАИ МИК РК) пен Аян ҚАЙЫРБАЕВ (Спорт 59)

Резерв – Рауан ОМАРХАНОВ (Хабар) пен Мағжан ТӨЛЕУОВ (Қазмедиа)

«Астана ТВ» командасының капитаны болып тұрғанда Әділет Құсайыновты алаңнан жиі көретінбіз. Тіпті, үнемі үздіктердің қатарынан табылатын. Бірақ, команда ауыстырғалы «Намбе найнның» бұрынғы беделі азайып қалған секілді. Жазғы маусымда Әділетті көбіне алаң жиегінде бапкердің рөлінде ғана көріп жүрдік. Ал Аян Қайырбаевта қазір, шыны керек, аздап деградация. Бұрынғыдай көзінде от жоқ. Кез келген шабуылшының оңай олжасына айналып жүрген Аянға қайта ояну қажет секілді.

Резервтегі Рауан Омарханов «Хабарда» да соңғы маусымдарда жиі резервте қалып қойып жүр. Өте талантты ойыншыға жаңа сынақ қажет секілді. Ал Мағжан Төлеуов, бәлкім, жарақаттары мазалап жүргеннен шығар, өз әлеуетін толық паш ете алмады.

Жартылай қорғаушы – Азамат БЕРТИСОВ (Қазмедиа)

Резерв – Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ (ЦАИ МИК РК)

Былтыр жазда маусымның үздік шабуылшысы және үздік ойыншысы атанған Азамат Бертисовке 100+ келілер арасындағы біріншілікке қатысқан дұрыс сияқты. Алдымен қақпаға тұрып көрді. Сосын алаңға шықты. Кейін гол соғып, өз бабына ақырындап кіріп келе жатыр еді, маусым соңына жетіп қойды. Иә, егер артық салмақтан арылса, Азаматтың қайта үздіктер қатарына қосылары хақ.

Ал ЦАИ МИК РК командасында бәсекелестіктің күшейгенінен бе, әлде Бертисовке еліктеп, салмақ жинауға көшті ме, Жәнібек Базылбековтің де аздап шау тарта бастағаны сезілді.

Шабуылшылар – Бекнұр НҰРМАҒАМБЕТ (Қазмедиа) пен Махамбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Егемен Қазақстан)

Резерв – Нұршапағат НЕСІПБАЕВ (Хабар) пен Ғабит ТҰРСЫНБАЕВ (Егемен Қазақстан)

Биылғы маусымды сәтсіз өткізгенін Бекнұр Нұрмағамбет өзінің бір сұхбатында мойындаған. Расымен де, «Қазақ радиосында» капитандық міндетті атқарып, кейде бір өзі бір команданы сүйреген Бекнұр бар білгенінен жаңылғандай көрінді. Бәлкім, оған басқа команда қажет шығар, бәлкім «Qazaq radiolary» командасын қайта жасақтау қажет болар. Ал былтыр «Спорт 59» сапында үздік сұрмерген болып, әр ойында хет-трик, покермен көзге түсіп жүрген Махамбет Әнуарбекұлының әлсіздігі «Егемен Қазақстанда» көрініп қалды. Бір сөзбен айтқанда, үмітті ақтаған жоқ.

Команда ауыстыруы тиіс ойыншылардың бірі Нұршапағат Несіпбаев шығар. Әлеуетінің зор екенін білеміз. Бірақ, дәл қазіргі «Хабарда» оған негізгі құрамнан орын жоқ-ау. Ал Ғабит Тұрсынбаевты «Егемен Қазақстан» чемпиондық үшін шақырған. Үмітті қаншалықты ақтай алғанына көпшілік баға бере жатар. Алайда, маңызды матчтарда Ғабит командасын алға сүйреуге қауқарсыз болып шықты. Бар шамасы, екінші орынға ғана жетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
No matches