Новости

(Қазақша) «В» лигасының таңдаулы құрамы жасалды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі жазғы маусымының қорытындысы бойынша түзілген «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Қаламгер)

Резерв – Мәди ЫСҚАҚОВ (Elorda aqparat)

Қанат Базылханды жазғы маусымды сәтті өткізді деп айта алмаймыз. Әу бастан-ақ «Қаламгердің» сапында болғанымен командаға біріншілік белортасына жақындағанда қосылды. Дегенмен, соңына қарай бабына еніп, командасының ұпай қорын молайтуына зор септігін тигізді. Ал өзге командалардағы әріптестері оның мықтылығын кезекті рет мойындап, B лигасының үздік қақпашысы атанды.

Elorda aqparat биыл жақсы қақпашыларға кенде болған жоқ. Дегенмен, көп жағдайда командасының бірінші нөмірлісі Мәди Ысқақов болды. Әмбебап ойыншы осы маусымда бар болғаны үш-ақ гол жіберіп алыпты.

Қорғаушылар – Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Хабар 24) пен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

Резерв – Асқар МҰХТАРОВ (Qazaqstan TV) пен Данияр СВАНКУЛОВ (Qazaqstan TV)

Сауалнама қорытындысы бойынша алғашқысы үздік қорғаушы, екіншісі үздік ойыншы атанды. Екеуі бір командада ойнаса, қорғанысты «соқыр тышқан» да тесіп өте алмас еді.

Резервте ұлттық арнаның қос қорғаушысы. Даниярды алаңнан жиі көрдік. Тек қорғаныста емес, шабуыл шебінде де пайдалы ойыншы. Ал Асқар Мұхтаров маусымның алғашқы жартысының қорытындысы бойынша таңдаулы құрамға енген. Алайда, кейін алаңға шығуы сиреп кеткендіктен «көзден кеткен көңілден де кетедінің» кебін киді.

Жартылай қорғаушы – Ернұр ДОСЖАНОВ (Хабар 24)

Резерв – Зухраб ОТАРОВ (Хабар 24)

Неге екені, Ернұр Досжанов көпшіліктің назарына іліге бермейді. Әйтпесе, үздік шабуылшы ғана емес, үздік ойыншы атанатын да әлеуеті бар. Бірақ, екі номинацияда да топ жаруға дауыс жетпеді. Қалай десек те, «Хабар 24» командасын өрге сүйреп жүрген бірден бір ойыншы – осы Ернұр Досжанов.

Зухраб Отаров джокер секілді. Қосалқы құрамда отырады да, алаңға шыққан екі-үш минутта шаруасын тындырып тастап, қайта әріптесімен алмасып жүре береді. Сондықтан, таңдаулы құрамда да Зухрабқа қосалқы құрамнан орын тауып беруді жөн көрдік.

Шабуылшылар – Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat) мен Әзиз ЖҰМАДІЛ (Қаламгер)

Резерв – Әзімбек ҚҰРАЛБАЕВ (Муфтият кз) пен Аян ӘБДУӘЛИ (Elorda aqparat)

Бір командаға екі 7-ші нөмір артық етпейтін шығар. Бексаттар Саттар осы маусымда 26 гол соғып, үздік сұрмерген ғана емес, дауыс беру нәтижесі бойынша үздік шабуылшы атанды. Ал Әзиз Жұмаділден мықтырақ шабуылшылар «В» лигасында жетерлік. Бірақ, дәл осы номинацияда «Қаламгер» ойыншысы екінші орынды иемденіпті.

Әзімбек Құралбаев биылғы біріншіліктің нағыз ашылуы болды. Ал қарымды «Егемен Қазақстан» командасынан келген Аян Әбдуәлиге «В» лигасының командаларына гол соғу қиын болған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
No matches