Новости

(Қазақша) А лигасы. Журналистер лигасының чемпионы ауыса ма?

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«А» лигасында ұпай жоғалтпаған команда қалмады. Бірінші турдан кейін көш басына «Спорт 59» шыққан еді, олар да ұтылды. Ал көпшілік биыл қайта «Хабар» чемпион болады дегенді болжап отыр. Бәлкім, оларға да тосқауыл болатын команда табылатын шығар.

Бірінші турдан кейін турнир кестесінде көш бастаған «Спорт 59» екінші турды да сәтті бастаған. Үшінші минутта-ақ Бейімбет Молдағали соққан голдың арқасында есепте алға шықты. Алайда, қуаныштары ұзаққа созылмады. Араға тағы осынша уақыт салып, Жандос Манашев таразы басын теңестіріп кетті. Үзіліске дейін тағы екі гол соғылып, таблода 3:1 есебі тіркелді. Ал үзілістен кейін «Асыл арна» жігіттері қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдап, таблодағы көрсеткішті 6:1-ге жеткізді.

Бірінші турда «Спорт 59» командасынан жеңілген «Қазмедиа» сол күйі естерін жинай алмаған секілді. «Хабарға» қарсы қауқарсыздық танытып, алғашқы он минутқа ғана шыдады. Ал одан кейін Журналистер лигасының үш дүркін чемпионы жылдамдықты қосып, «Қазмедиа» қақпасына доптарды топырлата соқты. Қорытынды есеп 7:1.

Екінші турдың ең қызықты ойыны «Егемен Қазақстан» мен ЦАИ МИК РК арасында өтті. Бір-біріне лайық қос қарсылас екі тайм бойы арпалысып, ақыры кездесу «егемендіктердің» жеңісімен аяқталды. Дегенмен, қақпашысы Берік Шәпетов бұл ойында бағана мен маңдайшаға алғыс білдіру керек шығар. Қорытынды есеп – 3:1.

Осылайша алғашқы екі турдан кейін көш басына тағы да «Хабар» шықты. Дегенмен, дәл сонша ұпай «Асыл арна» мен «Егемен Қазақстанда» да бар. Демек, маусым әлі де қыза түспек.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
Today, 22:30
VIP Press 0 7SU news 0
Today, 23:00
Taldy Paris 0 Sport Media 0
Today, 23:30
Qalamger 0 BAQ United 0
Tomorrow, 22:00
Sport Media 0 VIP Press 0
Tomorrow, 22:30
BAQ United 0 Taldy Paris 0
Tomorrow, 23:30
7SU news 0 Qalamger 0
03/06/2020 22:00
VIP Press 0 BAQ United 0