ЖаңалықтарЛига

BAQ CUP-2021. Таңдаулы құрам жасақталды

Назарларыңызға Журналистер кубогының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (ДИиК МО РК);

Биыл Ербол Кенжебаев өзінің қақпашы ретінде қарым-қабілетін жан-жақты көрсете білді. Лигада болсын, кубокта болсын чемпиондардың негізгі құрамында ойнауға лайықты екенін дәлелдеді. Ал кубокта Ербол сөзсіз үздік болды. Финалда Qazaq radiolary шабуылшыларын біраз әбігерге түсірді.

Қорғаушылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК), Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary);

Алмас Зиятов  еркін ойыншы. Қорғаныста жүріп, шабуылға араласады. Екі жаққа бірдей үлгереді. Биылғы маусымда үздік ойыншысы кубокта да барын салды. Әсіресе, финалда ойын тағдырын шешкен Алмас Зиятов болды.

Назар Найзабекұлы екі маусым қатарынан қорғаушылардың арасында өз позициясын ешкімге берер емес. Ершат Қожатаевтың лайықты ізбасары болып келеді. Назар жартылай финалда Хабар қақпасына бір гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Сосын пенальти сериясында шешуші соққыны өзі орындады. Ал финалда ДИиК МО РК-ның да қақпасының тоғыздығын дәл көздеген. Өкініштісі, оның голы командасына чемпиондықты сыйлай алмады.

Шабуылшылар – Әлішер Келгенбай (ДИиК МО РК), Ибраһим Еренғайып (Qazaq radiolary);

Әлішер – кубоктың жартылай финалында және финалында да нәтижелі ойынымен көзге түсті. Зиятов  пен Келгенбай жұбы күрделі матчтардың өзінде ойын тағдырын шешіп кетуге қауқарлы. Оның BAQ CUP бәсекесінен де байқадық.

Ал Ибраһим Еренғайып кубоктың шешуші ойындарына Қостанайдан арнайы келді. Жартылай финалда  Хабар қақпасына алғашқы голды соқса, финалда ДИиК МО РК қорғанысын бұзып-жарып өткенін байқадық. Матчтың 7:1 кезінде төрт ойыншы алдап өтіп, гол соққан жеке шеберлігі мақтауға тұрарлық.

Резерв

Қақпашы – Әсет Нұрғалиев (Qazaq radiolary);

Қорғаушылар  – Нұрлан Тұрапов (ДИиК МО РК), Бимұхамед Букеев (Хабар);

Шабуылшылар – Асылжан Жүсіпов (Хабар), Әсет Есенғұлов (ДИиК МО РК).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close