ЖаңалықтарЛига

VIII маусымның үздік ойыншысы кім болмақ?

БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті VIII маусымның үздік ойыншысы номинациясына үміткерлерді іріктеді. Енді бәрі команда капитандары мен жетекшілерінің қолында. Үздіктердің үздігі маусымның марапаттау рәсімінде анықталады. Сосын биыл жаңа бір номинация қосылды. Ол «Құрмет номинациясы» деп аталады.

БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша үздік ойыншылары атағынан үміткерлерді анықтады. «Үздік қақпашы» атағынан 10 голкипер үміткер болса, «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинациясына 20 ойыншыны іріктелді.

Сондай-ақ, биылғы маусымның басты жаңалығы – ардагерлерге арналған «Құрмет номинациясы. «Құрмет номинациясына» 40 жастан асқан БАҚ лигадағы ойыншылар үміткер саналады. Бір қызығы, номинацияны бір жеңген ойыншы алдағы маусымдарда бұл атаққа қайта таласа алмайды. Яғни, өмірінде бір-ақ рет жеңуге болатын атақ. БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті биыл бұл номинациядан үміткер ретінде 7 ойыншыны қосыпты.

 

Енді осы үміткерлер команда капитандары мен вице-капитандарына ұсынылады. Сауалнамаға әр командадан екі ойыншыдан қатысып, тізімдегі үміткерлерден өз үздіктерін таңдайды да, оларды 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарға қойып шығады. Егер БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті ұсынған үміткерлердің ішінде респонденттің таңдаған кандидаты болмаса, ол үздіктерінің қатарына тізімнен тыс бір ойыншыны қоса алады. Дегенмен, өз командасының ойыншыларына дауыс беруге болмайды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close