Жаңалықтар

БАҚ лиганың ең қымбат командасы анықталды. Ол «Хабар» емес

BAQ league market-тің соңғы мәліметтеріне сүйенген БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті биылғы маусымның ең қымбат командасын анықтады.

Ең қымбат команда – «Qazaq radiolary». Олардың құрамында биыл 17 ойыншы бар. Жалпы құны 2 365 000 теңгені құрайды. Ең қымбат ойыншысы – Назар Найзабекұлы. Екінші орында – ДИиК МО РК. Маусымға 16 ойыншы тіркеген ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі жалпы құны 2 165 000 теңгенік командасымен ойнап жүр. Үшінші орында – «Хабар». Жеті дүркін чемпиондардың жалпы бағасы 2 миллион 140 мың теңге. Ал маусымның ең арзан ұжымы – «Foliant». Дебютант команданың 17 ойыншысы 770 000 теңгені құрап отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close