ЖаңалықтарЛига

Хабар 24 үздік сегіздікке іліге ме?

Журналистер біріншілігінің сегізінші маусымына қатысып жатқан командалар туралы шолуымызды әріқарай жалғастырамыз. Бұл жолы әңгіме Хабар 24 ұжымы жайлы болмақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында толыққанды біріншілік басталғалы 8 маусымның барлығына қатысқан 2 команда ғана бар. Оның екеуі де Хабар агенттігіне қарасты командалар. Алғашқысы біріншіліктің 7 дүркін чемпионы Хабар болса, екіншісі Хабар 24.

Хабар 24 командасында журналистер лигасында өзіндік аты қалыптасқан. Команда негізінен осы арнада қызмет атқаратындардан жасақталған. Арасында 1-2 ойыншы ғана өзге БАҚ-та қызмет атқарады.

Команданың қысқаша тарихы

Жоғарыда айтқанымыздай,  Хабар 24 бірінші маусымнан бері қатысып келеді. Ең жоғары көрсеткіші – екінші маусымда тіркелген. Сол кезде 7 тур бойы көш бастап тұрды. Тек соңғы жағында команданың ішкі атмосферасы бұзылып, жүлдеден тыс қалды. Маусымды 4 орынмен аяқтады. Әйтпесе, Бимұхамед Букеев пен Ершат Қожатаев бастаған жігіттер мақсаттары жоғары болатын. Дегемен, ең жоғары орындары әзірге осы 4-орын.

Одан кейін жылдары В лигасында екі рет жүлдеге ілікті. Төртінші маусымда Елорда ақпараттан кейін екінші орынға тұрақтаса, жетінші маусымда қола жүлдеге ие болды.

Биылғы маусымдағы мүмкіндігі

Екі лига біріктірілген соң, команданың жүлдеге таласпайтыны анық еді. Бірақ келесі маусымда А лигасында ойнау үшін, үздік сегіздікке ілігуге толық мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезде 11 турдан кейін алтыншы орында келеді. Осыған дейін 16 ұпай жинады. Бірақ үш команда ентелеп тұр. Хабар 24-тен бір ойыны кем Қазмедиада 15, Мазмұндамада 15, NatGeo Qazaqstan-да 14 ұпайдан бар.

Команда ең бастысы, өзімен шамалас ұжымдармен ойындарда жеңіске жете білді. Мысалы, Kazaknews.kz, Qsport.kz, Еуразия+Орт командаларынан үш ұпай алды. Өкіншітісі, Aiqyn-Литермен тең түсіп, NatGeo Qazaqstan-ға есе жіберуі болды.

Ал бұл команданың басты сенсациясы – Астана арнасының жігіттерін қапы қалдырып кеткендері.

Құрамы

Хабар 24 құрамы тұрақты. Бір екінші ойыншы қосылып, бір екі ойыншы кеткен болар. Бірақ негізінен сол бұрыннан келе жатқан жігіттер. Тек қақпашы мәселесі шешілмей келеді. Жылда ауысып жатады. Биыл қақпаны негізінен Саят Сабырбаев күзетіп жүр.

Қорғаныста Нұрахмет Бектұрғанов пен Рауан Омархан бар. Екеуі де Хабардың алғашқы 2 чемпиондығына үлес қосқан ойыншылар. Шабуылда Марат Тукатов, Бейімбет Молдағали ойнайды.

Одан бөлек, Аян Омарқұлов, Дилмұрад Сейдаханов, Алмас Қожемжаров, Қанат Мағзұмов, Айдархан Куватбеков, Бауыржан Қошанов, Шыңғыс Мұса және команданың негізігін қалаған Хасан Ташенов бар.

Команда капитаны

 Осы уақытқа дейін бұл команданың капитаны да ауыспаған еді. Дегенмен, биылғы чемпионаттың орта тұсында капитан Хасан Ташенов жарақат алып,бірнеше ойындарға қатыса алмады. Сол уақытта капитандық белгіні Марат Тукатов тақты. Дегенмен, Хасен сапқа қайта оралғанымен, әлі де алаңға команданы Марат бастап шығып жүр.

Алдағы ойындар кестесі

Хабар 24 бұл аптада демалады. Ал 23 қаңтарда Metaratings командасымен кездеседі. Одан кейін Мазмұндама,  Qazaq radiolary күтіп тұр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
30/01/2021 11:00
Хабар 24 0 Мазмұндама 0
30/01/2021 11:50
Еуразия+ОРТ 0 Астана ТВ 0
30/01/2021 12:40
NatGeo Qazaqstan 0 Фолиант 0
30/01/2021 13:30
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа 0
30/01/2021 14:20
ДИиК МО РК 0 «Aiqyn+Литер» 0
30/01/2021 15:10
Qsport.kz 0 Metaratings 0
30/01/2021 16:00
Qazaq radiolary 0 Хабар 0