Жаңалықтар

Он бірінші тур Қабылбек пен Азаттың бенефисімен есте қалды

Екі апталық үзілістен кейін журналистер біріншілігі қайта жалғасты. Бұл жолы 11-турдың ойындары өтті.

FOlIANT –АСТАНА ТВ – 1:2

Астана командасын осы маусымда түсіну қиын. Бірде көл, бірде шөл. Бұл жолы аутсайдер Foilant-пен кездесті. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Негізі алғашқы кезеңде баспа жігіттерінің бір-екі мүмкіндіктері болған. Бірақ ойыншыларының шешуі сәтте шеберліктері жетіспей жатты.

Теларна командасы екінші таймда оянды. Алдымен оң қапталдан ұйымдастырылған шабуылды Сәбит Байхонов түйіндесе, екінші голды Александр Олейник соқты.

Foilant матч соңында бір голмен жауап қатты. Мергендік танытқан –Талғар Тұрсынәлі. Қорытынды есеп – 1:2.

AIQYN-ЛИТЕР – QAZSPORT – 1:6

Qazsport аутсайдерлерден ұпайды оңай жинауға үйреніп алды. Бұл жолы да сенімді түрде жеңіске жетті.

Спорттық арна Aiqyn-Литермен кездескен. Қарсылас команда сапында сары қағаздарының көптігіне байланысты Ерсұлтан Кәріпбай мен үш турға дискваликацияға кеткен Әлішер Мұқажан қатыспады.

Есепті Qazsport капитаны Эльдар Аманбаев ашты. Ауттан допты ойынға қосу кезінде Едіге Ержанның тепкен добын Эльдар қақпаға бағыттай білді. Сосын денсаулығына байланысты Журналистер кубогының ширек финалына келе алмаған Ратмир Әубәкір екінші голды соқты.

Осы кезде Aiqyn-Литер-ден Қуанышхан Сапарбаев өзі белсеніп, алаңның ортасынан бірнеше ойыншыдан өтіп кетіп, Қуат Шайсұлтановтың қақпасының кілтін тапты. Оның бұл голы «Тоттенхэмдегі» Сон Хын Миннің стиліне ұқсас болды.

Бұдан кейін Qazsport жігіттерін тоқтату мүмкін болмады. Қатарынан төрт гол соғып, кезекті үш ұпайларын қол жеткізді.

ХАБАР 24 – KAZAKNEWS – 3:1

Маусым басында Kazaknews-ке көп үміт артылып еді. Фавориттерге жақсы қарсылық танытатынын байқап жүрміз. Бірақ өздерімен шамалас командаларға есе жіберіп қояды. Бұл жолы Хабар 24-тен жеңілді.

Матчта Бауыржан Қошанов дубль, Қанат Мағзұмов бір голды соқты.

Сайт жігіттерінен команда капитаны Наурызбек Лесов көзе түсті. Қорытынды есеп – 3:1.

Хабар 24 келесі маусымда А лигасында ойнау үшін бар күшті салып жатыр. Әзірге 16 ұпаймен жетінші орында келе жатыр.

ХАБАР – ЕУРАЗИЯ+ОРТ – 10:2

Хабар мен Еуразия+ОРТ кездескенде үнемі ірі есеп тіркеледі. Бұл жолы да солай болды. Хабар үшін бұл матчта тек үш ұпай ғана емес, Нұрсұлтан Қабылбектің мергендер көшінде алға шығуы да маңызды болған секілді.

Доп ұстағанның бәрі пасты капитанға беруге тырысты. Өз кезегінде Қабылбек те әріптестерін ұятқа қалдырмады. Ол бұл матчта 9 гол соқты. Футболда мұны нона-трик деп атайды. Бір голды Бақытжан Масақов өз атына жазды.

Жеті дүркін чемпиондар соңғы жағында аздап босаңсығанда Еуразия жігіттері екі гол соғып үлгерді. Қорытынды есеп – 10:2.

МАЗМҰНДАМА – QSPORT.KZ – 3:1

Мазмұндама осы күні талай командадан жоғары тұр. Олар 15 ұпай жинап үлгерді. Егер осы қарқындарын жалғастыратын болса, келесі маусымда А лигасында ойнауы мүмкін. Әзірге сегізінші орында.

Бұл жолы олар Qsport.kz  командасының осал тұсын тапты. Маусым басында жоғары мақсат қойған спорттық порталдың жігіттерінде барлығы бар секілді, бірақ нәтиже жоқ…

Ойын тағдырын Мазмұндама капитаны Ержан Жүністің дублі шешіп кетті. Ол бір минуттың ішінде екі гол соқты. Сосын екінші кезеңде Әзиз Жұмаділ матч нүктесін қойды.

Qsport.kzсапынан Ержан Қожабеков бір гол соққаны болмаса, одан әріге шамалары жетпеді.

QAZMEDIA –METARATINGS.KZ – 11:4

Осы турдың алдында бомбардирлер тізімінде ДИиК МО РК командасының үш ойыншысы көшбастап тұрған. 11-турдан кейін бәрі өзгерді. Енді бірінші және екінші орынға Нұрсұлтан Қабылбек пен Құмарбек Азат жайғасты.

Қабылбек Еуразияға 9 гол соқса, Азат Metaratings.kz қақпасына 10 гол кіргізді. Футболда 10 голды дека-трик деп атайды.

Қазіргі кезде Нұрсұлтан Қабылбектің еншісінде 29 гол болса, Құмарбек Азаттікі 28-ге жетті. Үшінші орындағы Николай Кружальский 22 голмен шектеліп тұр.

Ал бұл матчта Қазмедиа 11:4 есебімен жеңіске жетті. Бір голды Рифхад Сәтбаев соқты.

Metaratings.kz сапынан Тұрлыжан Әйтенов хет-трик жасады. Сосын Нұркен Тоқмурзин көзге түсті.

QAZAQ RADIOlARY– NGQ – 5:0

Арай Ізбай бастаған National Geography Qazaqstan командасының ойынында әлі шикілік бар екенін кубоктың ширек финалында байқағанбыз. Ол кезде Aiqyn-Литер ұтып та кете жаздаған. Тек шеберлік жетіспей, соңғы жағында есе жіберіп алды. Ал бұл жолы ондай қателікті кешірмейтін Qazaq radiolary оңай жеңді. Кілең жас әрі жылдам ойынышылардан құралған команда қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ ойнады. Қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты.

Сөйтіп, радио жігіттері бірінші орындағы ДИиК МО РК командасын қуып жетті. Келесі турда екі команда өзара кездеседі. Жеңгенінің чемпиондық тартыста мүмкіндігі арта түспек.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
30/01/2021 11:00
Хабар 24 0 Мазмұндама 0
30/01/2021 11:50
Еуразия+ОРТ 0 Астана ТВ 0
30/01/2021 12:40
NatGeo Qazaqstan 0 Фолиант 0
30/01/2021 13:30
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа 0
30/01/2021 14:20
ДИиК МО РК 0 «Aiqyn+Литер» 0
30/01/2021 15:10
Qsport.kz 0 Metaratings 0
30/01/2021 16:00
Qazaq radiolary 0 Хабар 0