Жаңалықтар

ДИиК өз күшіне толық сене ме?

рансферлік ауысым кезінде турнир кестесінде көш бастап келе жатқан ДИиК МО РК командасы қатарына бірде-бір ойыншыны қоспапты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өз күштеріне толық сенетін секілді. Сондықтан болар ешкімді алмаған. Тек трансферлік кезеңде командадан Олжас Күлтешов кетті. Ол бірінші айналымда қосалқы құрамда көп отырып қалғанын алға тартты. Олжастың бар-жоғы ДИиК МО РК үшін аса қатты білінбейді. Яғни бұл ойыншы тек ротация үшін ғана алынған тәрізді.

Жалғыз мәселе қақпашы

Бұл команданың ең әлсіз тұсы – тек қақпашы ғана. В лигасында ойнағанда қақпаны Нұрлан Тұрапов күзеткен. Ол кезде ереже басқаша еді. Қақпашы бесінші ойыншы ретінде емін еркін шығып, пастасып жүре беретін. Жаңа ережеге сәйкес қақпашының олай қыдырып жүруі қиын. Сондықтан болар Нұрлан қақпада аса көп тұрғысы келмейді. Маусым басталғалы Риат Шони, Ғани Нүсіпов, Нұрлан Тұрапов, Ербол Кенжебаев секілді жігіттер қақпаға кезек-кезек тұрып шықты. Әзірге Қазмедиадан басқа мықты команда жолықпады. Бізді қызықтыратыны Qazaq radiolary және Хабармен кездесуде қақпаны кім күзетеді екен?

Лигадағы ең үздік шабуыл шебі

Дәл қазіргі таңда лигада бұл команданың шабуылына жететін бәсекелестік жоқ. Әр турда кемі 10 гол соғу ДИиК МО РК үшін бұйым болмай тұр. Foliant қақпасына 20 гол кіргізулері де сөзімізге дәлел болатын шығар. Хабар 24-пен ойында тым еркінсіп жүрді. Қарсыластың қақпасының алдында тұрып, голды соғамыз ба, соқпайымыз ба деп ойланғандарын көрдік. Кубоктағы ойынды есептемегенде лигада 6 ойында 63 гол соғып, қақпаларына бар-жоғы 7 доп жіберген.

Әлішер Келгенбай мен Николай Кружальский еншісінде 15 доптан бар. Алмас Зиятов 12 голды өз атына жазған. Одан бөлек Берік Уәли, Рүстем Смағұловтар да кез келген сәтте гол соғып кетуге әбжіл ойыншылар.

Чемпиондықтан дәмелі

Бұл команда журналистер лигасының жас қатысушыларының бірі болғанымен, ойыншыларының бәрі әр түрлі лигада ойнап жүрген тәжірибелі жігіттер. Осал ешкім жоқ. Тіпті қосалқы құрамдағы ойыншыларынан бір команда құрап шығаратын болсаңыз алғашқы ондықтың қатарында болары сөзсіз.

Былтырғы маусымда В лигасында жеңімпаз атанған ДИиК МО РК биыл А лмгасында ойнаған мықтылармен тайталасуға әзір екендерін байқатып жатыр. Бұл ретте басты қарсыластары лиганың тұрақты 7 дүркін чемпионы Хабар екенін жақсы біледі.

Qazsport капитаны Эльдар Аманбаевтың айтуынша, ДИиК МО РК бірінші кезекте Хабарды әлсіретуді екі ойыншысын өзіне қосып алудан бастады деп санайды. Яғни Әлішер Келгенбай мен Тұрсынбек Жолдыбаев Хабардан ауысып келді.

Одан кейін ДИиК МО РК Хабардан ұпай алуға қауқары жетеді ау деген командаларды өздеріне жаттығуға шақырып, мотивация беріп қоятыны бар. Мысалы, сондай команданың бірі – NGQ. Олар бесінші турда Хабармен тең түсті. Енді Қазмедиа жігітерін де жаттығуға шақырып, желпіндіріп жатқаны жайлы ақпарат тарауда. Демек команда чемпиондық үшін бар жағынан дайындалуда.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
30/01/2021 11:00
Хабар 24 0 Мазмұндама 0
30/01/2021 11:50
Еуразия+ОРТ 0 Астана ТВ 0
30/01/2021 12:40
NatGeo Qazaqstan 0 Фолиант 0
30/01/2021 13:30
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа 0
30/01/2021 14:20
ДИиК МО РК 0 «Aiqyn+Литер» 0
30/01/2021 15:10
Qsport.kz 0 Metaratings 0
30/01/2021 16:00
Qazaq radiolary 0 Хабар 0