Жаңалықтар

BAQ league. «Қысқы терезенің» ТОП-10 трансфері

Бұған дейін айтып өткеніміздей, қысқы трансферлік кезеңде БАҚ лига командалары құрамдарына барынша өзгеріс енгізіп, ойындарын күшейтуге тырысты. Айналдырған бес күн ішінде 15 командада 45 трансфер орын алыпты. Назарларыңызға қысқы маусымның ТОП-7 трансферін ұсынамыз.

№ 10. Ержан БАЙТІЛЕС (қақпашы)

Еркін агент – Мазмұндама

ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Ержан Байтілес елордаға қоныс аударғаннан кейін алғаш рет журналистермен доп тебе бастады. Бұрын Алматы және Қызылорда командаларымен талай республикалық додаларда оза шапқан Ержан қысқы трансферлік кезеңде Мазмұндама командасымен келісімге келді. Тіпті, Qazaq radiolary командасымен өткен матчқа да қатысып үлгерді.

№ 9.Мәди ЫСҚАҚОВ (шабуылшы)

Meatratings.kz – Qazaq radiolary

Мәди осы күні жүлдеден үмітті командалардың сұранысына да ие бола бастады. Өйткені лиганың жаңа маусымдағы талабы бойынша 33 жастан асқан бір ойыншы алаңда болуы тиіс. Осы жағынан Мәди «лимитчик» болып саналады. Оның үстіне жаттығудан қалмайды. Дисциплинасы бар, кез келген сәтте гол соғып кететін әбжіл шабуылшы. Сондықтан Ысқақовтың осы резюмесіне қызықққан Qazaq radiolary 36 жастағы ойыншыны өз қатарларына қосты.

№ 8.Расул ҚАСЫМХАН (шабуылшы)

Meatratings.kz Qsport.kz

Расул Meatratings.kz командасының осы маусымдағы көшбасшысы болуы тиіс еді. Бірақ командаластарымен алаңда аса қатты түсінісе алмады ма, бірінші айналымда ойыны жүрген жоқ. Енді трансферлік кезеңде Qsport.kz командасына ауысты.

№ 7.Азамат ФАЗЫЛОВ (қорғаушы)

Еркін агент – Foliant

Foliant командасы еңбек демалысынан оралған қызметкерін трансферде қосып үлгерді. 13 желтоқсанда 33 жасқа толатын қорғаушы лигадағы алғашқы ойынында командасының жеңісіне себепкерлердің бірі. Kazaknews командасымен кездесумен  ол алдымен есепті ашып, одан кейін де бірнеше қауіпті шабуылды ұйымдастырды. Сонымен қатар қорғаныста да сауатты ойнады.

№ 6.Олжас КҮЛТЕШОВ (қорғаушы)

ДИик МО РК – National Geographic Qazaqstan

Олжасқа NGQ бұрыннан қызығып жүретін. Бірақ қорғаушымен келісімге келу тек осы жолы ғана жүзеге асты. Бірінші айналымда ДИик МО РК сапында қосалқы құрамда отырып қалған Күлтешев енді алаңда көбірек ойнаудан ниетті. Сондықтан National Geographic Qazaqstan сапына ауысты.

№ 5.Руслан Тәуірше (қорғаушы)

Aiqyn-Литер  – Qazaq radiolary

Журналистер біріншілігінде Асыл арна, Қазақстан, Спорт-1959 және Aiqyn-Литер командаларында ойнаған Руслан Тәуірше енді өз бағын Qazaq radiolary сапында сынап көрмек. Әзірге Русланға негізгі құрамға ілігу оңай болмайтын шығар. Бірақ бұрынғы командасында лидер болғанына қарамастан жаңа ұжымға ауысуға шешім қабылдаған әмбебап ойыншы өзің көрсете алады деп сенеміз.

№ 4. Асқар МҰХТАРОВ (қорғаушы)

Qsport.kz – Қазмедиа

Асқар Мұхтаров осы күні өз команда шығармаған соң, трансфер сайын ауысып тұрады. Жаңа маусымды Qsport.kz сапында бастаған Асқар былтыр ойнаған Қазмедиа сапына қайта оралды. Алғашқы ойынында ДИиК МО РК командасына гол соғып та үлгерді.

№ 3. Алмас ТҮСІПОВ

Qsport.kz – Қазмедиа

Асқармен бірге Qsport.kz сапында өнер көрсеткен Алмас Түсіпов те Қазмедианың қатарын толықтырды. Алғашқы ойынында мергендік танытып, ДИиК МО РК қақпасына бір гол кіргізді. Аз уақыттың ішінде Qsport.kz-тың көшбасшысына айналған Алмасқа басқа командалар тарапынан да ұсыныстар болған. Бірақ оның таңдауы Қазмедиаға түскен екен.

 № 2. Елтай НҰРҒАЗИН (қорғаушы)

Мазмұндама  – Qazaq radiolary

Елорда-ақпараттың капитаны болған Елтай Нұрғазин жаңа маусымды Мазмұндама сапында бастаған. Трансферде оны Qazaq radiolary аттай қалап алдырды. Сол аяғымен шебер ойнайтын Елтай да лимитчик. Яғни 33 жастан асқан. Енді жаңа командасының чемпиондық таласта топ жаруына Нұрғазин бар күшін салады деп ойлаймыз.

№ 1. Жандос МАНАШЕВ (шабуылшы)

Еуразия+ОРТ – Qazaq radiolary

Жандос негізі жыл сайын команда ауыстыратындардың қатарында. Биыл да солай болған. Ол жаңа маусымды өз жұмыс істейтін Еуразия+ОРТ сапында бастаған. Алайда бар-жоғы екі ойын өткізіп, 40 күндік әскер қатарына кетіп қалыпты. Дегенмен ойыншы алдын-ала келісім бойынша трансферде Qazaq radiolary командасына сөз берген. Сол уәде сәйкес қайта оралып отыр. Біздің ТОП-10 трансфердің бірінші орынына Жандос әбден лайықты деп санаймыз.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
30/01/2021 11:00
Хабар 24 0 Мазмұндама 0
30/01/2021 11:50
Еуразия+ОРТ 0 Астана ТВ 0
30/01/2021 12:40
NatGeo Qazaqstan 0 Фолиант 0
30/01/2021 13:30
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа 0
30/01/2021 14:20
ДИиК МО РК 0 «Aiqyn+Литер» 0
30/01/2021 15:10
Qsport.kz 0 Metaratings 0
30/01/2021 16:00
Qazaq radiolary 0 Хабар 0