ЖаңалықтарЛига

Алтыншы тур: Үш тең ойын, Фолианттың алғашқы жеңісі

Алтыншы турда Хабар командасы демалып, ДИиК МО РК мен Qazaq radiolary кезекті үш ұпайларына қол жеткізді. Сонымен қатар Фолиант маусымдағы алғашқы жеңісін тойлады.

QAZMEDIA – ДИИК МО РК – 3:9

Алтыншы тур бірден орталық ойынмен басталды. Журналистер біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Қазмедиа былтырғы В лигасының чемпионы ДИиК МО РК командасымен кездесті. Бірақ бірінші тайм бір команданың толық басымдығымен өтті.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері алғашқы 20 минуттың ішінде Мансұр Сыздықбаев қақпасына жауапсыз алты доп соқты.Трансферде Qsport.kz сапынан Алмас Қожагелді мен Асқар Мұхтаровты өздеріне шақырып алған Қазмедиа екінші таймда ғана тіріле бастады. Айтпақшы, бұл екеуі де екінші таймда мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Құмарбек Азатта қалыс қалмай,  бір гол авторы атанды.

ДИиК МО РК сапынан Әлішер Келгенбай мен Алмас Зиятов покерден жасаса, Николай Кружальский бір голды өз атына жазды. Қорытынды есеп – 9:3.

Астана ТВ NGQ  – 4:0

Хабармен тең түскеннен кейін National Geographic Qazaqstan эйфориядан әлі айыра алмай жүрген тәрізді. Бұл жолы Астана ТВ жігіттерімен кездесіп, жарытып ештеңе көрсете алмады. Трансферде ДИиК МО РК командасынан Олжас Күлтешов ауысып келген. Сонымен қатар іссапарда жүрген Ернұр Досжанов та қатарға қосылды. Алайда телеарна жігіттері өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, Әнуар Құрманбаев қақпасына 4 гол соқты. Александр Олейник пен Ер-Ұлан Нұрланов дубльдің авторы атанды.

METARATINGS.KZ – ЕУРАЗИЯ+ОРТ – 3:3

Әйгілі Стамбұлдағы 2005 жылы өткен Чемпиондар лигасының финалы елестеді. Бұл жолы «Милланың» күйін Еуразия+Орт жігіттері кешті. Олар бірінші таймды 3:0 есебімен алда тұрған еді. Дарын Олжабай дубль жасап, бір голды  Мейірбек Абдрахман соққан болатын.

Алайда екінші таймда бәрі өзгеріп, осыдан 15 жыл бұрынғы «Ливерпуль» секілді намыстары оянып кеткен Metaratings.kz ойын соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен бұған дейін матчтарға келе алмаған студен Арлан Түлкібаев көзге түссе, екінші голды трансферде қатарға енді қосылған Әділ Табылдин кіргізді. Ойынның бітуіне үш минут қалғанда команда капитаны Нұркен Тоқмурзин мергендік танытты. Қорытынды есеп – 3:3.

 AIQYN-ЛИТЕР – ХАБАР 24 – 3:3

Қатарынан екі матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Хабар 24 пен Aiqyn-Литер арасындағы кездесу тартысқа толы болды.

Всеволд Хван командасына бапкер шақыртыпты. ДИиК МО РК бапкері журналистер біріншілігінде тағы бір команданы қоса жаттықтыруға келісіпті. Осыған дейін Aiqyn-Литер-ге ағалық әрі бапкерлік ақыл-кеңесін айтып отыратын Амангелді Сейітхан бұл жолы сәл шеттеліп қалды. Өйткені ойыншыларды ауыстыру, негізгі құрамды таңдау міндеті жаңа бас бапкерге жүктелген.

Енді ойынға тоқталсақ, бірінші таймда  Хабар 24 сапынан Бейімбет Молдағали, Aiqyn-Литер-ден Қуанышхан Сапаров дубль жасады. Үзіліске шығатын тұста Шерхан Талап Aiqyn-Литер-ді алға шығарған болатын.

Екінші таймда Хабар 24 әупірімдеп жүріп, есепті теңестірді. Бірақ одан кейін Бейімбет Молдағали қақпашымен бір-бірге шығып мүлт кетті. Ойын соңында алтыншы фолдан кейін 10 метрлік айып соққысын Рауан Омархан кіргізе алмады. Қорытынды есеп – 3:3.

FOlIANT – KAZAKNEWS – 2:1

Бастапқы 5 турда қарсыластарынан ірі есеппен жеңілген маусымнның дебютанты  Foliant командасы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Ойын тағдыры бірінші таймда шешілді.

Алдымен 17-минутта Азамат Фазылов Foliant-ты алға шығарса, араға бір минут салып Талғар Тұрсынәлі есепті 2:0-ге жеткізді. Үзіліске шығар тұта Kazaknews сапынан Әбдіманап Кеңес бір гол соққаны бар. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

 QAZSPORT – QSPORT.KZ – 1:1

Осы турда 7 ойынның үшеуі тең аяқталды. Алғашқы екеуінде 3:3 есебі тіркелсе, Qazsport пен Qsport.kz 1:1-ге разы болып тарасты. Бұл екі команданы байланыстыратын жағдайлар көп.  Жаздай бірге жаттыққан. Бапкерлері де бір-бірімен дос. Біреуі спорттық арна болса, екіншісі спорттық портал.

Ойындағы есепті Qazsport капитаны Эльдар Аманбаев ашты. Бірақ Qsport.kz жігіттері де қалыс қалмады. Көп уақыт өтпей таразы басын теңестірді. Гол авторы – трансферде  қосылған Айболат Оспанов. Ол былтыр «Егемен Қазақстан» сапында ойнаған.

MAZMUNDAMA – QAZAQ RADIOlARY–  2:12

Трансферден кейін екі командада біраз жаңалықтар бар екен. Мазмұндамаға Президенттің баспасөз қызметінің өкілі Ержан Байтілес қосылған. Ол қақпаны күзетті. Сосын Нұрсұлтан Құрман бас бапкер болыпты.

Ал Qazaq radiolary осы трансфердегі ең белсенді команда. Жандос Манашев, Елтай Нұрғазин, Мәди Ысқақов, Руслан Тәуірше, Мирас Қайырхан секілді ойыншылармен толыққан.

Вице-капитан Назар Найзабекұлы бұл ойында алаңға шықпай, бапкерлік қызметін атқарды. Соған қарамастан басқа жігіттер де қарап қалмады. Бекболат Кәрібай мен Дәурен Жолдасов покерден жасады. Әлішер Өмірзақ, Мәзи Ысқақов, Елдос Өмірхандар бір голдан соқты.

Қарсыластың 12 голына Мазмұндама бар-жоғы екі доппен жауап берді. Мергендік танытқан – Амангелді Сейітхан мен Еркін Шәкір.

P.S. Алты турдан кейін 18 ұпаймен ДИик МО РК командасы жеке-дара көш бастап тұр. Олардан бір ойыны кем Qazaq radiolary  15 ұпаймен екінші орында. Осы турда демалған Хабар 13 ұпаймен үштікті түйіндейді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
05/12/2020 11:00
Фолиант 0 «Aiqyn+Литер» 0
05/12/2020 11:50
Астана ТВ 0 Мазмұндама 0
05/12/2020 12:40
Metaratings 0 Хабар 0
05/12/2020 13:30
NatGeo Qazaqstan 0 Kazaknews.kz 0
05/12/2020 14:20
Qsport.kz 0 Хабар 24 0
05/12/2020 15:10
Еуразия+ОРТ 0 ДИиК МО РК 0
05/12/2020 16:00
Qazsport 0 Qazaq radiolary 0