ЖаңалықтарЛига

Төртінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 4-тур ойындарының қорытындысы бойынша түзілген таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Төртінші турдың үздігі атануға Хабар қақпашысы Айбек Қабылша лайық деп санадық. Мазмұндамамен ойында Айбек сенімді тұрды. Дәурен Бабамұраттың бір соққысын өткізіп алғаны болмаса,  қалған доптың барлығын қақшып отырды.

Қорғаушылар – Ерұлан НҰРЛАНОВ (Астана ТВ), Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport)

«Астана» төртінші турда тіпті ұтылып қалуы мүмкін еді. Kazaknews.kz командасымен кездесуде телеарна жігіттері 1:3 есебімен жеңіліп жатып,  соңғы сәтте есепті теңестіріп үлгерді. Команданың жаңа шабуылын бастап, Астананың 1 ұпай еншілеуіне Ерұлан Нұрланов ерекше үлесін қосты. Сондықтан таңдаулы құрамамызға енуге лайық деп санаймыз.

Ал Ерұланмен бірге екінші қорғаушы болып жұп құрауға Qazsport-тың «лимитчик» қорғаушысы Ермек Төрениязов сай келеді деп санаймыз. Еуразия+Орт командасымен кездесуде спортық арна жігіттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Мәди Мұхамедқалидың қақпасын құрғақ ұстауына бірінші кезекте қорғаушылардың сіңірген еңбегі зор. Әсіресе, Ермек Төренизяовті ерекше айта аламыз.

Шабуылшылар –Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИик МО РК),  Әлішер ӨМІРЗАҚ (Qazaq radiolary)

Төртінші турда жаңа рекорд тіркелген болатын. Яғни бұған дейін Хабардың үшінші маусымда Асыл Арна командасын 17:0 есебімен жеңген рекорды жаңарды. Бұл жолы ДИик МО РК жігіттері дебютант команда Foliant қақпасына 20 доп соқты. Оның тоғызы шабуылшы Николай Кружальскийге тиесілі.

Бұған дейін “Астана ТВ” және “Мазмұндама” командаларында ойнаған Әлішер Өмірзақтың биыл тәжірибесі толысып, шеберлігі шыңдалыпты. “Qazaq radiolary” сапында жасындай жарқылдап жүр. Бұл оның бірінші хет-тригі емес, бұған дейін де бір ойында үш гол соққан. Бірақ бұл жолғысы голдарды кездесудің басында, әріптестерінен бұрын соққандығымен құнды.

Резерв

Қақпашы –  Асқат ОМАРОВ (Kazaknews.kz)

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Марғұлан ИБРАЕВ (Қазмедиа)

Шабуылшылар – Берік Уәли (ДИик МО РК), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
05/12/2020 11:00
Фолиант 0 «Aiqyn+Литер» 0
05/12/2020 11:50
Астана ТВ 0 Мазмұндама 0
05/12/2020 12:40
Metaratings 0 Хабар 0
05/12/2020 13:30
NatGeo Qazaqstan 0 Kazaknews.kz 0
05/12/2020 14:20
Qsport.kz 0 Хабар 24 0
05/12/2020 15:10
Еуразия+ОРТ 0 ДИиК МО РК 0
05/12/2020 16:00
Qazsport 0 Qazaq radiolary 0