ЖаңалықтарЛига

«Үздік қорғаушы» кім болмақ?

Журналистер біріншілігінде голды қақыратып соғатын шабуылшылардан бөлек, тасқамал қорғаушылар да жетерлік. Осыған дейінгі 7 маусымда бұл атаққа ең көп қол жеткізген – Ершат Қожатаев болатын.

Рекорд Ершат Қожатаевқа тиесілі

Журналистер біріншілігінде «Үздік қорғаушы» атағын ең көп Ершат Қожатаев жеңіп алыпты. Ол «Хабарда» жүргенде екі рет бұл атаққа лайықты деп танылса, қалған екеуін өзге командалармен алды. Яғни екінші маусымда «Хабар-24» сапында, бесінші маусымда «Қазмедиа-А» командасымен де өзгелерден оза шапқан.

Дегенмен соңғы екі маусымда Ершат ондай жекелеген номинациялардан тыс қалды. Биыл «Қазмедиамен» жүлдеге ілігіп жатса, бесінші рет үздік атанып қалуы мүмкін. БІрақ бәсекелестері өте мықты. Бұрынғыдай оңай бола қоймас.

Алғашқы жеңімпаз – Арай Ізбай

Ең алғаш осы атаққа Арай Ізбай ие болғаны бар. Бірақ Арай ол кезде «Sportsffa.kz» командасында ойнаған. Соңғы жылдары жиі жарақат алуымен және командасының нәтижесінің төмен болуына байланысты басты үміткерлер қатарында болған жоқ. Ал биыл Арай Ізбайдың қайтадан «Үздік қорғаушы» атануына мүмкіндігі бар. «Қазмедиамен» екі ойында да ол Құмарбек Азатты тырп еткізген жоқ. Егер «Қазақ радиолары» мен «Хабар» шабуылшыларына қарсы да осылай ойнап жатса, мүмкіндігі мол.

Жаңа жұлдыз – Назар Найзабекұлы

Назардың журналистер біріншілігіне қосылғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен аз  уақыттың ішінде үздіктердің біріне айналып шыға келді. Соңғы жетінші маусымда ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен де осы Назар. Биыл да бұл номинациядан басты үміткерлердің қатарында. «Қазақ радиоларының» көшбасшысы қорғаныста жүріп-ақ ойын тағдырын шешіп кете алады. Егер командасы жоғары орындардан көрініп жатса, Найзабекұлы екінші мәрте «Үздік қорғаушы» атанып қалуы ықтимал.

Өзге жігіттерден «Хабардағы» үш қорғаушыны ерекше айтуға болады. Олар: Нұрсұлтан Құрман, Бақытжан Масақов, Бимухамед Букеев. ДИиК МО РК командасынан Нұрлан Тұрапов, Жарқын Тұрсынбеков, «Qasport» сапынан Ермек Төрениязов, «Астана ТВ» командасынан Әділет Құсайынов үміткерлер тізіміне қоса аламыз.

Журналистер біріншілігінде үздік қорғаушы атанғандар:

I маусым

Арай Ізбай (Sportsffa.kz);

II маусым

Ершат Қожатаев (Хабар-24);

III маусым

Ершат Қожатаев (Хабар);

IV маусым

А лигасы

Ершат Қожатаев (Хабар);

В лигасы
Аят Дүйсембаев (Хабар-24);

V маусым

А лигасы

Ершат Қожатаев (Қазмедиа-А)

В лигасы

Әділет Құсайынов (Астана ТВ);

VI маусым

А лигасы

Бимухамед Букеев (Еларна);

В лигасы

Тимур Айтмұхамедов (Қаламгер);

VII маусым

А лигасы

Назар Найзабекұлы (Qazaq radiolary);

В лигасы

Айғали Қадыров (ДИиК МО РК).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
05/12/2020 11:00
Фолиант 0 «Aiqyn+Литер» 0
05/12/2020 11:50
Астана ТВ 0 Мазмұндама 0
05/12/2020 12:40
Metaratings 0 Хабар 0
05/12/2020 13:30
NatGeo Qazaqstan 0 Kazaknews.kz 0
05/12/2020 14:20
Qsport.kz 0 Хабар 24 0
05/12/2020 15:10
Еуразия+ОРТ 0 ДИиК МО РК 0
05/12/2020 16:00
Qazsport 0 Qazaq radiolary 0