Жаңалықтар

Командасыз қалған ТОП-7 қақпашы

Журналистер біріншілігінде трансферлік терезенің ашылатын күнін күтіп жүрген командалар көп. Осы орайда, кезінде БАҚ лигада ойнап, бүгінде командасыз жүрген ТОП-7 қақпашыны назарларыңызға ұсынбақпыз. Бәлкім, осылардың бірі біріншілікке қайта оралып қалар.

№1. Дмитрий ПОКИДАЕВ

Қызметі: Республикалық «Курсив» іскерлік басылымы

Бұрынғы командасы: Astana TV

Жасы: 45

Соңғы командасы:Astana TV (алтыншы маусым)

Дмитрий Покидаев журналистер біріншілігінің бірнеше мәрте үзідк қақпашысын жеңіп алған. Ол бар кезде өзге қақпашыларға бұл атақ ешқашан бұйырмаған.  Бірақ жетінші маусымнан бері чемпионатқа қатыса алмай жүр. Оған жарақаты себеп. Негізі тәжірибелі қақпашыда жарақат жиі болып тұрады. Бәлкім трансферлік терезеге дейін айығып жатса, қатарға оралып қалар. Еңдеше қазірден бастап сөйлесіп көріңіздер.

№2. Берік ШӘПЕТОВ 

Қызметі: «Егемен Қазақстан газеті» АҚ төрағасының көмекшісі

Жасы: 35

Соңғы командасы: Егемен Қазақстан (жетінші маусым)

Берік бұған дейін БАҚ лиганың бірде-бір маусымынан қалыс қалған емес. 2016 жылдан бері өзі қызмет атқаратын «Егемен Қазақстан» газетінің намысын қорғап жүрді. Алайда осы маусымда 100 жылдық тарихы бар ұжымнан команда жарысқа қосылған емес. Сондықтан Берік маусымнан тыс қалды. Дәл қазір Шәпетов  еркін агент. Командаңызға қоссаңыз өкінбейсіз.

№3. Мұхит ЕСЕНТАЙ (қақпашы)

Жасы: 32

Жұмыс орны: «Хабар» агенттігі

Қызметі: Жарық қоюшы

Соңғы командасы: Qazaqinfo.kz (үшінші маусым)

Журналистер біріншілігінің бірінші маусымында көпшіліктің көзайымы болып, талай шабуылшыны сан соқтырған тасқамал қақпашы соңғы рет БАҚ лигада 2018 жылдың қысында ойнапты. Онда да «Қазақ ТВ» мен «Ел арнадан» кейін «Qazaqinfo.kz» сайтының екі-үш ойынына ғана қатысқан. Содан кейін көрінбей кетті. Сенім артсаң, жүлдеге таласатын командалардың да қай-қайсысын күшейте алатын қабілеті бар. Естуімізше, денсаулығы жарамай жүрген секілді. Дегенмен, егер жақсы ұсыныс түссе, алаңға қайта оралуы да ғажап емес.

№4. Шамкен Байырбек

Қызметі: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Жасы:23

Соңғы командасы:  Sport-1959 (алтыншы маусым)

Шамкен студент кезінде Sport-1959 командасында ойнады. Бірінші курста жүріп-ақ осы команданың қақпасын күзетті. Төртінші курсты бітіргенше осында ойнады. Кейін командаға басқа қақпашы келгенде алаңға шығып ойнап жүрді. Ал Sport-1959 командасынан кейін Шамкенді БАҚ лигадан көргеніміз жоқ. Екінші маусым қатарынан командасыз жүр. Қазіргі кезде ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінде қызмет атқарады.

№5.Мадияр Қожабек

Қызметі: «Литер» газетінің диайзнері

Жасы:30

Соңғы командасы: Aiqyn-Литер ((жетінші маусым)

Мадияр журналистер біріншілігінде екі маусым ойнады. Ол өзі қызмет атқаратын «Литер» газетінің атынан шыққан команданың қақпасын күзетті. Бәлкім әріптестері жиі жеңіліп, қақпасына үнемі гол өткізе бергеннен шаршап кеткен болар. Әйтеуір биыл ойнағысы келмейтінін айтыпты. Бәлкім алдына биік мақсат қоятын команда болып жатса, Мадияр келісіп қалуы ықтимал.

№6. Алмас БАЙДРАХМАН

Қызметі: «Қазақ радиосының»редактор-жүргізушісі

Жасы:37

Соңғы командасы:  Qsport.kz (алтыншы маусым)


Алмас бірнеше маусым өзі қызмет атқаратын Қазақ радиоларында ойнады. Мұхтар Тұртаев екеуі кезектесіп қақпасын күзетіп жүрді. Былтыр кейбір әріптестерімен бірге Qsport.kz командасына аусықан еді. Алайда биыл Алмасты біріншіліктен байқай алмадық. Сондықтан Алмас секілді тәжірибелі қақпашымен сөйлесіп көрсеңіздер болады. Оның үсітне лигадағы биылғы лимитке де сай келеді. Жасы 33-тен әлдеқашан асып кеткен.

№7.Бақытнұр ӘЛІБАЙ

Қызметі:«31-арна» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі

Жасы: 33

Соңғы командасы: Qazaqinfo.kz (үшінші маусым)

«Жақсы қақпашы – жарты команда». Бақытнұр Әлібайға арналған мәтел шығар бұл. БАҚ лиганың үшінші маусымында «Qazaqinfo.kz» командасының қақпасын қорғап, қарсылас шабуылшыларын әбден әбігерге салған. Қазір де қай командаға болмасын, керек голкипер. Оның үстіне биыл 33-ке толып кеткен. Ендеше «лимитчик» іздеп жүрсеңіз Бақытнұрмен сөйлессеңіз болады.

Айта кетейік, бұлардан өзге Жасын Біркенов (соңғы командасы – Еларна), Алексей Ефименко (соңғы командасы –  Astana TV), Рүстем Серғазиндер (соңғы командасы – Qasport)  осы күні жұмыс барысымен өзге қалаларға қоныс аударған. Сондықтан журналистер біріншілігінен тыс қалып отыр…

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close