Жаңалықтар

Үшінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 3-тур ойындарының қорытындысы бойынша түзілген таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (NGQ)

Биылғы маусымда әзірге жарқырап көрініп жүрген қақпашыларды байқамай жатырмыз. Сондықтан салыстырмалы түрде үздіктерін таңдауға мәжбүрміз. Бұл жолы таңдаулы құрамға NatGeo Kazakhstan командасының қақпашысының Әнуар Құрманбаев ілігіп отыр. Әнуар Қазмедиамен кездесуде біраз қауіпті соққыларды қайтарды. Командасының бір ұпай еншілеуіне өз үлесін қосты.

Қорғаушылар – Азамат БЕРТІСОВ (Astana TV), Бимұхамед Букеев (Хабар)

Осы турда қорғаныс шебі күтпеген жұптан жасақталып отыр. Өйткені Astana TV ойыншысы Азамат Бертісов ешқашан біздің таңдаулы құрамамызға қорғаушы ретінде еніп көрмеген. Ол бұрынғы маусымдарда шабуылда ойнаған. Бірақ қазір шабуылда ойнауға жылдамдығы мен салмағы мүмкіндік берер емес. Сондықтан Азамат осы күні қорғаныста ойнап жүр. Өткен турда Qsport.kz қақпасына бір гол соғып, аталмыш матчтың үздік ойыншысы атанды.

Азаматпен бірге екінші қорғаушы ретінде Хабар ойыншысы Бимұхамед Букеевті таңдап алдық. Ол 3-турда бұрын өзі ойнаған, жұмыс істеген әрі вице-капитаны болған Хабар-24 қақпасына дубль жасап, командасына үш ұпай еншілеуіне үлесін қосты.

Шабуылшылар –Наурызбек ЛЕСОВ Kazaknews), Болатхан СЕРІК (NGQ)

БАҚ лиганың таңдаулы құрамына бұрын-сонды еніп көрмеген Наурызбек ЛЕСОВ Kazaknews) пен Болатхан СЕРІК (NGQ) алғашқы рет үздіктер қатарынан табылып отыр. Дегенмен екеуі де өткен турда бұл құрметке лайықты болды.

Наурызбек Aiqyn-Литер командасымен ойында хет-триктің авторы атанды. Жалпы, ол шабуылда өте белсенді болды. Айып соққысын әдемі аяқтады.

3-турдың орталық кездесуі саналған Қазмедиа мен NGQ арасындағы матчта Болатхан Серік алдымен есепті  теңестіріп одан кейін командасын алға шығарған. «Табиғат жыршылары» үш ұпай алуға жақын болып еді, бірақ 38-минутта Нұрбол Тұрсынбаевтан көз жазып қалып, тең нәтижені қанағат тұтты.

Резерв

Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Astana TV)

Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа), Нұрлан Тұрапов (ДИК МО РК)

Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (ДИК МО РК), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
05/12/2020 11:00
Фолиант 0 «Aiqyn+Литер» 0
05/12/2020 11:50
Астана ТВ 0 Мазмұндама 0
05/12/2020 12:40
Metaratings 0 Хабар 0
05/12/2020 13:30
NatGeo Qazaqstan 0 Kazaknews.kz 0
05/12/2020 14:20
Qsport.kz 0 Хабар 24 0
05/12/2020 15:10
Еуразия+ОРТ 0 ДИиК МО РК 0
05/12/2020 16:00
Qazsport 0 Qazaq radiolary 0