Жаңалықтар

Тәртіптік-бақылау комитеті: Бес командаға айыппұл салынды

БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, футзалдан БАҚ лиганың 1-ші және 2-ші турындағы мәселелер жайлы бірқатар шешімдер шығарылды.

№1

Маусымның жаңа басталғанын ескерген Тәртіптік-бақылау комитеті 1-турдағы щитки, аяқ киім, шеврон, «+33», хаттама толтыруға байланысты орын алған ереже бұзушылықтарға ескерту жасау туралы шешім шығарды.

№2

National Geographic Qazaqstan – ДИиК МО РК

БАҚ лига Регламентінің 6.9 және 6.10 пунктеріне сәйкес, ойыншысының жейдесінде тиісті шеврондар болмағаны үшін ДИиК МО РК командасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қарашасына (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

№3

National Geographic Qazaqstan – ДИиК МО РК

БАҚ лига Тәртіптік-бақылау регламентіне сәйкес, екі ескерту қағазын алып, алаңнан қуылған “National Geographic Qazaqstan” командасының ойыншысы Жәнібек Базылбеков 1 (бір) матчқа алаңнан шеттетілді.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді.

№4

Хабар – QAZSPORT

БАҚ лига Регламентінің 4.13 пунктіне сәйкес, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Хабар» командасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қарашасына (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

№5

Астана ТВ – Aiqyn-Liter

БАҚ лига Регламентінің 6.9 және 6.10 пунктеріне сәйкес, ойыншыларының жейдесінде тиісті шеврондар болмағаны үшін «Астана ТВ» командасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қарашасына (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

№6

Metaratings – Мазмұндама

БАҚ лига Регламентінің 6.9 және 6.10 пунктеріне сәйкес, ойыншыларының жейдесінде тиісті шеврондар болмағаны үшін «Мазмұндама» командасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қарашасына (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

№7

Qazaq radiolary – Qsport.kz

БАҚ лига Регламентінің 6.12  сәйкес, ойыншысында қорғаныс щиткиі болмағаны үшін «Qazaq radiolary» командасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Шешім 2020 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қарашасына (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close