ЖаңалықтарСұхбат

Еламан Әмірғазы: Qsport.kz –БАҚ лигадағы жай командалардың бірі емес

BAQ league-ның сегізінші маусымының ІІ турында маусымның басты фавориттері Qazaq radiolary командасымен кездескен Qsport.kz капитаны Еламан Әмірғазы өз ұжымы туралы сұхбат беріп, қарсыластарының әлеуетіне тоқталды.

Qsport.kz –БАҚ лигадағы жай командалардың бірі емес. Өзіндік амбициясы бар, чемпион болуға қадам жасап келе жатқан өзіндік жоспары, мақсаты қалыптасқан. Сондықтан қай қарсылас болсын барлығына бірдей қараймыз. Біз үшін Qazaq radiolary Хабар,  Айқын-Литердің айырмашылығы жоқ. Алаңға тек жеңіс үшін шығамыз, – дейді Еламан.

Qazaq radiolary мен Qsport.kz арасындағы ойын 6:3 есебімен аяқталды. Осы ретте Qsport.kz капитаны Qazaq radiolary командасын  биыл да чемпиондыққа таласады деп отыр.

Qazaq radiolary – әдеттегідей БАҚ лиганың басты фавориттерінің бірі. Биыл да солай. Баптары жақсы, жаңадан ойыншылар қосқан. Бірінші орынға таласатын командалар қатарынан деп баға беремін, – дейді ол.

Qsport.kz – журналистер біріншілігінде осымен үшінші маусым қатарынан өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін олар В лигасында өнер көрсеткен. Қазіргі кезде 15 команда толыққанды бір чемпионатқа біріктірілді.

Ал команда жетекшісі Жандос Қонысбаев жақында әлеуметтік желідегі парақшасында командасы туралы былай жазған еді:

BAQ league-ға командамызды қостық. Екі маусым ойнадық. Енді үшінші маусым басталды. Бар-жоғы екі жылдың ішінде журналисттердің арасынан бір-ақ шықтық. Енді спорт жаңалықтарына арналған сайттың Qsport.kz спорт порталы футбол командасы бар. Тартыспай беріспейтін, ел алдында жүрген жігіттерден жасақталған командамыз бар. Арнайы бізді дайындайтын бапкеріміз бар – Назар Найзабекұлы. Ең бастысы – команданың аурасы ұнайды. Жігіттердің мінездері жақсы. Өзіме қатты ұнайды. Арасында жүріп дем аласың, -дейді Жандос Қонысбаев.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
05/12/2020 11:00
Фолиант 0 «Aiqyn+Литер» 0
05/12/2020 11:50
Астана ТВ 0 Мазмұндама 0
05/12/2020 12:40
Metaratings 0 Хабар 0
05/12/2020 13:30
NatGeo Qazaqstan 0 Kazaknews.kz 0
05/12/2020 14:20
Qsport.kz 0 Хабар 24 0
05/12/2020 15:10
Еуразия+ОРТ 0 ДИиК МО РК 0
05/12/2020 16:00
Qazsport 0 Qazaq radiolary 0