Жаңалықтар

Трансферлік терезе жабылды, кімде қандай өзгеріс

Елордамызда өтіп жатқан шағын футболдан журналистер арасындағы БАҚ лигада бір айға созылған трансферлік маусым мәресіне жетті. Командалар құрамына тиісті өзгерістерін енгізіп, кейбірі жаңа ойыншылармен толықты.

«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Elorda aqparat» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан БАҚ лиганың VII маусымы 19 қаңтарда қайта жалғасады. Осы орайда, жаңа жылдық үзіліс ретінде бір айлық демалыста командалар үшін трансферлік терезе ашылған болатын.

Сонымен, 2019 жылдың 23 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін созылған науқанда БАҚ лигада барлығы 21 трансфер тіркеліпті. Оның 10-ы «А» лигасына тиесілі болса, 11-і «В» лигасындағы өзгерістер. Соның ішінде «А» лигасынан «В» лигасына екі ойыншы өткен болса, кері бағытта бір футболшы жол тартқан.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close