Жаңалықтар

Qazaq radiolary – Хабар. Жанкүйерлер таңдауын жасады

Ертең BAQ league-да футбол жанкүйерлері мен журналистер әлемін тамаша тартысы матч күтіп тұр. Назарбаев университеттің Спорт кешенінде «Qazaq radiolary» мен «Хабар» командасы кездеседі.

Бұл осы турдың ғана емес, биылғы маусымның да орталық кездесуі болуы мүмкін. Өйткені, көпшіліктің пікірінше VII маусымның чемпиондығына бірден-бір үміткер осы екі ұжым. Осыған орай BAQ league инстаграм парақшасында «Қай команда жеңеді?» деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізілген. Барлығы 856 респондент қатысты. Соның 454-і «Qazaq radiolary» жеңіске жетеді деп топшыласа, 402-сі «Хабардың» ұтысына бәс тіккен. Яғни, пайыздық көрсеткіш бойынша 53:47, – «Qazaq radiolary»-на сенетіндер басымырақ.

Естеріңізге сала кетейік, ойын 14 желтоқсан күні Назарбаев Университеттің Спорт кешенінде сағат 15:50-де басталады. Келем деушілерге есік ашық.

“А” лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close