Жаңалықтар

БАҚ лиганың VII маусымына 16 команда қатысады

Қарашаның 24-і күні елордамызда шағын футболдан Журналистер біріншілігінің VII маусымы басталады. Осыған байланысты команда өкілдерінің мәжілісі өтті.

«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойы аясында өтетін биылғы маусымға барлығы 16 команда қатысады. Өткен маусымның қорытындысы бойынша олар сегіз-сегізден екі Лигаға бөлінді.

Айта кетейік, жазғы біріншілікте «А» лигасында ойнаған «Ел арна» командасы тарап кеткендіктен олардың орнын «В» лигасында 4-ші орын алған «National Geographic Qazaqstan» командасы басты. Ал жаңа командалардан БАҚ лигаға биыл «QAZSPORT», «Elorda aqparat» және Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі қосылды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
22/12/2019 10:00
Хабар 24 0 Qsport.kz 0
22/12/2019 10:50
Қаламгер 0 «Aiqyn+Литер» 0
22/12/2019 11:40
Мазмұндама 0 Elorda aqparat 0
22/12/2019 12:30
Qazsport 0 ДИиК МО РК 0
22/12/2019 13:20
Qazaq radiolary 0 NatGeo Qazaqstan 0
22/12/2019 14:10
Спорт 59 0 Қазмедиа 0
22/12/2019 15:00
Kazaknews.kz 0 Астана ТВ 0