Жаңалықтар

«ТURAN» – БАҚ лиганың VII маусымдағы ресми суы

Шағын футболдан Журналистер лигасының жаңа маусымы қарсаңында «БАҚ лига» қоғамдық қоры мен «Азия Су Компаниясы» ЖШС өзара серіктестік орнатты. Серіктестік аясында «Азия Су Компаниясы» БАҚ лиганың VII маусымында журналистер мен көрермендерді «ТURAN» суымен қамтамасыз етеді.

1991 жылы іргетасын қалаған «Азия Су Компаниясы» 1996 жылдан бастап «ТURAN» брендімен минералды ауыз суын шығарумен айналыса бастады. Қазақстандағы «TURAN» саудалық атауы бар су еліміздің өте сирек, әрі құрамындағы аз мөлшерде дейтерийлі ЖЕҢІЛ су. Сондай-ақ, оның құрамында құнды макро және микроэлементтер бар. Бүгінде «TURAN» брендімен ЖЕҢІЛ су Ресей Федерациясына да тұрақты таралады.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ лиганың келесі маусымы «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылады. Маусым 24 қарашада басталып, 2020 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Біріншілікке 16-18 команда қатысады деп күтілуде. Өткен маусымның қорытындысы бойынша, биыл «А» лигасында «Хабар», «Астана TV», «Qazaq radiolary», «Егемен Қазақстан», «Ел арна», «Қазмедиа В», «Спорт 59», «Kazaknews.kz» командалары ойнауға мүмкіндік алса, «В» лигасында «Хабар 24», «Қазмедиа», «National Geographic Qazaqstan», «Мазмұндама», «Қаламгер», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ», «№1 Sportchannel» және «Аiqyn-Литер» командалары доп тебеді. Әлбетте, тізімде өзгерістер болуы мүмкін. Біраз команда атауын өзгертуі ғажап емес. Мәселен, «№1 Sportchannel» командасы «QAZSPORT» арнасы болып шықпақ. Сондай-ақ, біріншілікке «Elorda aqparat» командасы қайта оралып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі дербес команда құруда.

Ойындардың барлығы Назарбаев университеттің Спорт кешенінде өтеді. БАҚ командаларынан өтініштер 18 қарашаға дейін қабылданады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
22/12/2019 10:00
Хабар 24 0 Qsport.kz 0
22/12/2019 10:50
Қаламгер 0 «Aiqyn+Литер» 0
22/12/2019 11:40
Мазмұндама 0 Elorda aqparat 0
22/12/2019 12:30
Qazsport 0 ДИиК МО РК 0
22/12/2019 13:20
Qazaq radiolary 0 NatGeo Qazaqstan 0
22/12/2019 14:10
Спорт 59 0 Қазмедиа 0
22/12/2019 15:00
Kazaknews.kz 0 Астана ТВ 0