Жаңалықтар

“Жүзден жүйрік” немесе Журналистер біріншілігі “В” лигасының таңдаулы құрамы түзілді

Бұл ойыншылардың бірқатары «В» лигасында ғана емес, «А» лигасында да доп тебуге қауқарлы. Алда мұндай да мүмкіндік болар. Ал әзірге Журналистер біріншілігінің өткен маусымының қорытындысы бойынша түзілген «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Бұл ойыншылардың бірқатары «В» лигасында ғана емес, «А» лигасында да доп тебуге қауқарлы. Алда мұндай да мүмкіндік болар. Ал әзірге Журналистер біріншілігінің өткен маусымының қорытындысы бойынша түзілген «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Қанат Базылханның биылғы маусымы керемет болды дей алмайсыз. Таңдай қақтырар сейвтері бірінші турдан кейін-ақ сарқылып қалды. Дегенмен, бұл жайт оның үздік атануына кедергі болған жоқ. Қанаттың нағыз қабілетін білетін капитандардың барлығы дауыс беру кезінде-ақ мықтылығын бағалап үлгерді.

Қорғаушылар – Тимур АЙТМҰХАНБЕТ (Қаламгер), Аян ҚАЙЫРБАЕВ (Спорт 59)

БАҚ лигадағы үшінші маусымын өткізген Тимур Айтмұханбет ақыры үздік ретінде бағаланды. Иә, расымен де «Қаламгер» капитаны биыл қорғаушының керемет үлгісін көрсетіп, өз командасының Серхио Рамосы бола білді.

Аян Қайырбаевтың алаңда нақты позициясы жоқ. Бірде қорғаныста ойнаса, бірде шабуылда ойқастап жүреді. Бірақ көпшілікке соңғы шептің ойыншысы ретінде танымал Аян сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды меншіктеді.

Жартылай қорғаушы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа В)

«А» лигасынан «В» лигасына ауысқан кезде Құмарбек Азаттың бұл қадамын құптамағандар көп болды. Әлі де кейбір әріптестер Құмарбектің түпкі ойын түсіне алмай дал. Қалай болған күнде де, «Қазмедиа В» ойыншысы командасына «В» лигасының чемпиондық атағын алып берді. Енді келесі маусымда оларды жоғарғы дивизион күтіп тұр.

Шабуылшылар – Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan) мен Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ)

Журналистер біріншілігінде 19 гол соққан Нұрәлем Жалғасұлы команда капитандары арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша «Үздік шабуылшы» номинациясын да жеңіп алды. Өкінішке қарай, оның командасы сол күйі «А» лигасына жолдама ала алған жоқ.

«Еуразия+ОРТ» командасы біріншіліктен ерте ұшып кетпегенде Ерден Құспанов «В» лигасының үздік сұрмергені атанатыны сөзсіз еді. БАҚ лигадағы бабы келіскен шабуылшылардың бірі бәсекелестеріне қарағанда бес ойынға аз өткізіп, номинацияға ілігу мүмкіндігінен айрылды.

Резерв:

Қақпашы – Бекхан САЛЫҚОВ (Kazaknews.kz).

Қорғаушылар – Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan), Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа В).

Жартылай қорғаушы – Асқар МҰХТАРОВ (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Әбдіманап КЕҢЕС (Kazaknews.kz), Нұрбол ТҰРСЫНБАЕВ (Қазмедиа В).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close