Жаңалықтар

Түлен түрткен төртеу немесе БАҚ лиганы ерте аяқтаған аутсайдерлердің аяқ алысы қалай болды?

«В» лигасының бірінші кезеңінен кейін төрт команда Журналистер біріншілігінің биылғы маусымынан тыс қалды. Олар: «Еуразия+ОРТ», «Qsport.kz», «№1 Sportchannel» және «Aiqyn-Литер». Бүгін осы командалардың өткен ойындарына көз жүгіртіп көруді жөн көрдік.

Еуразия+ОРТ

Турнир кестесіндегі орны – 7

Ұпайы – 13

Голдарының саны – 26

Жіберген голдары – 34

Ең ірі жеңілісі – National Geographic Qazaqstan 1:7

Үздік сұрмергені – Ерден ҚҰСПАНОВ (14 гол).

«Еуразия+ОРТ» командасын нашар ойнады деп айта алмайсыз. Бәрі өз қолдарында тұрды. Соңғы турда да Ерден Құспанов бастаған жігіттерге жеңілмеу жеткілікті болатын. Тең есеп те жеткілікті еді. Алайда, еш амбициясы қалмаған «№1 Sportchannel» командасынан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Бәрінен де команда капитанына обал. 14 голмен аралық біріншіліктің үздік сұрмергені атанған Ерден әріптестерін алға сүйреумен-ақ болды. Бірақ, үн қосар басқа ешкім табылмады. Команда 13 ұпаймен «В» лигасында 7-ші орынды иемденіп, финалдық кезеңнен тыс қалып қойды.

Qsport.kz

Турнир кестесіндегі орны – 8

Ұпайы – 10

Голдарының саны – 24

Жіберген голдары – 38

Ең ірі жеңілісі – National Geographic Qazaqstan 1:13

Үздік сұрмергені – Ермұхамед МӘУЛЕН (6 гол), Жандос ҚОНЫСПАЕВ (5 гол), Берік УӘЛИ (5 гол).

Маусымды нашар өткізді дей алмайсыз. БАҚ лига дебютанттары бірінші турда «Қаламгерден» ұтылып қалғанымен кейін ақырындап ес жия бастаған. «Еуразия+ОРТ» жігіттерін тізерлетті, «Aiqyn-Литерді» жеңді. Бірақ, 4-ші турда «National Geographic Qazaqstan» журналының ұжымынан 1:13 есебімен оңбай ұтылды. Команданың кейінгі тағдырын шешкен де осы жеңіліс болуы мүмкін. Рас, трансферлік терезеде құрамы күшейді. Берік Уәли қосылып, барлық матчқа қатыспаса да, өзі ойнаған төрт ойында бес гол соқты. Ал соңғы кездесуде «Қазмедиа В» қақпасына хет-трик жасаған. Бірақ, финалдық кезеңге шығу үшін бұл да аздық етті. Одан бөлек, Елдос Өмірзақ, Ағабек Қонарбайұлы сынды әріптестер де «Qsport.kz» үшін біраз тер төккен.

Командаға тәжірибе жетіспеді. Маңызды сәтте гол жіберіп алып жатты. Әйтпесе, «Қазмедиамен» де, «Kazaknews.kz» және «Спорт 59»-бен де жап-жақсы ойнаған.

№1 Sportchannel

Турнир кестесіндегі орны – 9

Ұпайы – 7

Голдарының саны – 18

Жіберген голдары – 41

Ең ірі жеңілісі – Спорт 59 0:6

Үздік сұрмергені – Мағжан ЖҰМАБАЕВ (5 гол), Нұрбол ТАЗАБЕК (3 гол), Асқар ТУРЛИН (3 гол).

Команда сәтсіздіктерінің себебін БАҚ лиганың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Асқар Турлин жақсылап түсіндіріп берді. Расымен де, «№1 Sportchannel» жігіттеріне жиналу қиынға соғып жатты. Ал жиналған сәтте ұпай алуға қабілетті екендіктерін соңғы ойын көрсетті. Команданың үздік сұрмергені – Мағжан Жұмабаев. Бірақ, оның өзі де трансферлік терезеде «А» лигасына ауысып кетті. Тағы бір көшбасшысы Эльдар Аманбаев та маусым ортасында өзге ұжымды толықтыруды жөн көрді. Сондықтан, біріншіліктің екінші жартысын «№1 Sportchannel» тек абырой үшін ойнады.

Aiqyn-Литер

Турнир кестесіндегі орны – 10

Ұпайы – 0

Голдарының саны – 25

Жіберген голдары – 50

Ең ірі жеңілісі – Қаламгер 1:8

Үздік сұрмергені – Елбол КАРИМОВ (8 гол), Рахат ТҰЯҚБАЕВ (8 гол), Қуанышхан САПАРБАЕВ (7 гол).

Маусымның нөл ұпаймен аяқтаған жалғыз команда – «Aiqyn-Литер». 1:6, 1:8 сынды жеңілістері болды. Бірақ, оларды да барлығына ұпайды оңайлықпен үлестірді деп айта алмайсың. «Kazaknews.kz», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ» сынды командалардың барлығына бар болғаны бір гол айырмашылығымен ұтылып жатты. Иә, команда гол соға алады. Мәселен, «В» лигасының ТОП-10 сұрмергендерінің ішінде «айқындықтардың» үш ойыншысы бар. Екеуі сегіз голдан соқса, біреуі еншісіне жеті гол жазыпты. Бір қызығы, команда соққан 25 голдың 23-і осы үштіктің еншісінде. Қалған екі голды Әлішер Мұқажан мен Марлен Бейсебаев соғыпты. Дегенмен, қорғанысы сын көтермейді. Қақпаларына 50 гол жіберіп, маусымды -25 нәтижесімен аяқтады.

“В” лигасының хаттамалық бөлімін мына сілтеме бойынша табуға болады.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
24/08/2019 16:30
Егемен Қазақстан 0 Хабар 24 0
24/08/2019 17:20
Қазмедиа А 0 Астана ТВ 0
24/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Хабар 0
25/08/2019 15:40
Ел арна 0 Егемен Қазақстан 0
25/08/2019 17:20
Хабар 24 0 Хабар 0
25/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Қазмедиа А 0
31/08/2019 15:40
Қазмедиа А 0 Хабар 24 0