Жаңалықтар

“В” лигасы. «Қаламгер» жеке-дара көш бастады

Былтыр ғана маусымның басты аутсайдері саналып, біріншілікті соңғы орында аяқтаған «Қаламгер» биыл көпшілікті таңғалдыруда. Алғашқы үш турда да жеңіске жетіп, кішігірім сенсацияның авторы атанған олар турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

«Қаламгердің» қаншалықты ұзаққа шабатынын айту қиын. Бірақ сенбі күні маусымның басты фавориттерінің бірі «National Geogaphic Qazaqstan» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңгенде ойындарының былтырғымен салыстырғанда керемет түлегенін байқадық. Одан кейін еш тер шығармастан «№1 Sportchannel» командасын да 7:2 есебімен ойсырата жеңді.

«Қаламгермен» қатар «Мазмұндама», «National Geogaphic Qazaqstan» және «Спорт 59» командаларын да фавориттер қатарына қосуға болатын шығар. «Қаламгерден» ұтылып қалғанына қарамастан NGQ әлі де көшбасшылар санатында. Кеше өте тегеурінді ойында «Kazaknews.kz» ұжымын 4:1 есебімен ұтты.

Ал «Мазмұндама» мен «Спорт 59» арасындағы кездесуде Шыңғыс Мұхан басқаратын Қоғамдық қордың намысын қорғайтын әріптестер 3:0 есебімен жеңіп жатып, ойын соңында қақпасына қатарынан үш гол жіберіп алды.

«Kazaknews.kz», «Qsport.kz», «Қазмедиа В». Алғашқы екеуі, шыны керек, көпшілік үшін жұмбақ команда. Әзірге еншілерінде 6 ұпайдан болғанымен көшбасшыларға қарсы қалай ойнайтынын болжау қиындау. Бәлкім, жүлделі орындарға да таласып қалар. Бірақ, бұлардың ойынна толыққанды бағаны бес-алты турдан кейін ғана беруге болатын сияқты. Ал алғашқы ресми жеңісіне қол жеткізген «Қазмедиа В» «Еуразия+ОРТ» қақпасына бес гол соға алғанымен әзірге бабында емес екені көрініп тұр.

Сонда аутсайдерлер кімдер? Ұпайы 0 үш команда бар. «Aiqyn-Литер», «Еуразия+ОРТ» және «№1 Sportchannel». Бас партияның басты газетінің намысын қорғайтын команданың ойыны тәуір. Тек сәттілік жетісер емес. Осы демалыста алдымен «Kazaknews.kz»-тен 7:8 есебімен ұтылса, кеше маусымның тағы бір дебютанты «Qsport.kz»-тен 3:4 нәтижесімен жеңілді. Бәлкім, келесі турда бақтары жанар. Ал «Еуразия+ОРТ» мен «№1 Sportchannel» командаларына үлкен өзгеріс қажет. Әйтпесе, маусымды дәл осы қалпында аяқтаулары ғажап емес.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
24/08/2019 16:30
Егемен Қазақстан 0 Хабар 24 0
24/08/2019 17:20
Қазмедиа А 0 Астана ТВ 0
24/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Хабар 0
25/08/2019 15:40
Ел арна 0 Егемен Қазақстан 0
25/08/2019 17:20
Хабар 24 0 Хабар 0
25/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Қазмедиа А 0
31/08/2019 15:40
Қазмедиа А 0 Хабар 24 0