Жаңалықтар

 «А» лигасы. «Астана ТВ» мен «Хабардың» алғырлығы және «қызылға боялған» тур

Көзді ашып-жұмғанша шағын футболдан Журналистер біріншілігінің үш туры артта қалды. Бас жүлдеге бәйге қызып тұр. Орта жолда кімдердің қосылатынын білмейміз, бірақ дәл қазір басты тартыс «Астана ТВ» мен «Хабар» арасында өрбіп жатыр. Ал кешегі турдың текетіреске толы болғаны соншалық, жасыл алаң «қызылға» боялды.

Жоқ, «көз шығып, бас жарылмады». Бәрі аман-сау. Төбелес деген атауымен болмады. Мұрны қанап, қанға бөккен адам жоқ. Әріптестер арасында әрдайым татулық жүретіндіктен дау-жанжал мұндай жерден аулақ болады. Бірақ, тәртіп болуы керек. Сондықтан, кейбір сәттерде футболшылардың қызуын басу үшін төрешілерге қалтасынан қызыл қағаз алып шығуға тура келіп жатты.

Бірінші турда демалған «Хабар» екінші турдың орталық кездесуінде «Қазмедиа А» командасын 7:3 оңай жеңді. Нұрсұлтан Қабылбек пента-трик жасап, қалған екі голды Шыңғыс Ерғалиев пен Асқар Хамиден өз еншілеріне жазды. Ал «қазмедиалықтар» сапында Жандос Манашев дубль авторы атанып, Ершат Қожатаев бір гол соқты.

«Пентакампеондар» 3-турда да қарсыластарын оңай жеңді. «Хабар 24» командасына қарсы өткен кішігірім дербиде Нұрсұлтан Құрман бастаған команда қарсыластарының қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Дегенмен, бұл жолғы жеңістің тұзы тым ауыр болды. Команда 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Алдымен Айбек Қабылша өз айып алаңынан шығып кетп, қарсыласын тік аяқпен тоқтатқаны үшін алаңнан қуылды. Арада екі минут өтер-өтпестен басты сұрмергені Нұрсұлтан Қабылбек қақпаға ұшқан допты қолмен тоқтатып, қызыл қағазды арқалап кете барды. Пенальти. Бірақ, қақпада капитан Нұрсұлтан Құрманның өзі. Бір қадам алға аттады да, допты қағып алды. Ал одан кейін қарқындарын арттырған «хабарлықтар» кем құрамда қалғанына қарамастан тағы екі гол соғып, 6 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.

Маусымды сәтті бастағанына қарамастан қатарынан екі ойында жеңілістің кермек дәмін татқан «Хабар 24» соңғы орынға топ ете қалды. Ал «Хабарға» биыл «Астана ТВ» бәсекелес болатын секілді. Бірінші турда «Ел арнаны» еңсерген Әділет Құсайыновтың командасы осы демалыста «Егемен Қазақстанды» 5:2 есебімен тізерлетті.

Өкінішке қарай, «Қазмедиа А» жігіттерінің осы аптада жолдары болмады. Алдымен «Хабардың» қарқынына төтеп бере алмаған «бразилиялықтар» кеше «Qazaq radiolary»-нан ұтылды. Төрт ойыншы алаңнан қуылған кездесуде радиолықтар  6:3 есебімен жеңіске жетіп, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

Алғашқы жеңісіне «Егемен Қазақстан» да жетті. Сенбі күні «Астана ТВ» командасынан ұтылып, жексенбіде «Ел арнамен» кездескен «егемендіктер» өте тартысты ойынның соңғы минутында қатарынан екі гол соғып, 5:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ал «Ел арна» әлі «А» лигасы үшін піспеген секілді. Рас, «Хабар 24»-ті ұтып, естерін жия бастағандай көрінген. Бірақ, қорғаныс шебінде әлі талай кемшілік бар екені көрініп-ақ тұр.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
24/08/2019 16:30
Егемен Қазақстан 0 Хабар 24 0
24/08/2019 17:20
Қазмедиа А 0 Астана ТВ 0
24/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Хабар 0
25/08/2019 15:40
Ел арна 0 Егемен Қазақстан 0
25/08/2019 17:20
Хабар 24 0 Хабар 0
25/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Қазмедиа А 0
31/08/2019 15:40
Қазмедиа А 0 Хабар 24 0