Жаңалықтар

“А” лигасы. Бірінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

Назарларыңызға «А» лигасы бірінші турының таңдаулы құрамын ұсынамыз

Қақпашы – Тимур ЗАКАРИН (Хабар 24)

Әу баста маусымның басты аутсайдері саналған «Хабар 24» бірінші турда күтпеген жерден «Qazaq radiolary» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бәрі де қақпашысының арқасы болар. Голкиперін алтыншы ойыншы ретінде тамаша пайдаланған «24»-тің жігіттері Тимур Закаринмен пас алмасу арқылы қарсыласының айып алаңына жылдам жетіп жатты. Тимурдың өзі де керемет сейвтерімен қақпасына доп дарытқан жоқ.

Қорғаушылар – Бекнұр НҰРМАҒАНБЕТ (Qazaq radiolary) пен Рауан ОМАРХАН (Хабар 24)

Рас, «Qazaq radiolary» үшін маусым сәтсіз басталды. Алайда, капитаны Бекнұр Нұрмағанбетті жаман ойнады деп жазғыра алмайсыз. Шабуылдан қорғаныс шебіне ойысқан Бекнұр қорғанысын соңғы минутқа дейін қорғап бақты. Бірақ, алғы шептегі әріптестері капитанның үмітін ақтай алған жоқ.

Тактикалық тұрғыда бұл турда Рауан Омарханға тең келер ешкім болған жоқ. Тимур Закаринмен керемет тандем құрған қорғаушы қарсыластарының барлық шабуылына тойтарыс беріп жатты. Тіпті, қажет болған еді, шалып құлатып, ескерту қағазын да алды. «Qazaq radiolary» жігіттерінің гол соға алмауы бір жағынан осы ойыншының арқасы.

Жартылай қорғаушы – Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ)

Рас, голды соққан өзгелер. Бірақ, «Ел арнаға» қарсы кездесуде Ернұр Досжановтың да көсіле шапқанын көрдік. Өзінің бұрынғы командасына қарсы ойында алаң ортасын толығымен өз қолына алып, «Астана ТВ» ұжымының нағыз дирижері бола білді.

Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А) пен Сергей НАДТОЧЕЙ (Астана ТВ)

Бірінші таймда аса қатты көзге түспеген Құмарбек Азатты үзілістен кейін тоқтату мүмкін болмады. «Егемен Қазақстан» қақпасына дубль жасап, «Қазмедиа А»-ға ауадай маңызды жеңісті әперді.

Мұндайда бір ғана сөзбен «жасап кетті» деп айтады. Иә, бірінші маусымнан кейін БАҚ лигада көрінбеген Сергей Надточей келді де, «жасап кетті». «Ел арнаның» қақпасына хет-трик жасап, «Астана ТВ» командасына жеңіс сыйлады. Егер үнемі келіп тұрса, командасын чемпиондықтан бір-ақ шығаратын түрі бар.

Резерв:

Қақпашы: Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ),

Қорғаушылар: Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А), Адлет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ),

Жартылай қорғаушы: Ибраһим ЕРЕНҒАЙЫП (Qazaq radiolary),

Шабуылшылар: Жандос МАНАШЕВ (Қазмедиа А), Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан).  

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 14:00
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа В 0
Ертең, 14:50
Qsport.kz 0 NatGeo Qazaqstan 0
Ертең, 15:40
Мазмұндама 0 №1 Sportchannel 0
Ертең, 16:30
«Aiqyn+Литер» 0 Спорт 59 0
Ертең, 17:20
Еуразия+ОРТ 0 Қаламгер 0
Ертең, 18:10
Хабар 24 0 Астана ТВ 0
Ертең, 19:00
Егемен Қазақстан 0 Qazaq radiolary 0