Жаңалықтар

«Қазмедиа А» – ең тұрақты команда немесе «Ел арна» қалай үздік үштіктен тыс қалды

Толыққанды біріншіліктің біркүндік турнирлерден басты ерекшелігі – командалардың жігерлігін және тұрақтылығын көруге болады. Кейбір командалардың шамалары бір турға ғана жетсе, кейбірі бірінші айналымнан кейін білгенінен жаңылып жатады. Ал енді бірі маусымды сәтсіз бастағанымен соңына таман күш алып, үздіктер қатарынан бір-ақ шығады.

Журналистер біріншілігінің турнир кестелері.

Бүгінгі тақырыбымызда командалардың бірінші және екінші айналымдағы шамаларын тексеріп, екі айналымдағы турнир кестесін жеке-жеке ұсынбақпыз.

«Қазмедиа А» – ең тұрақты команда

Бірінші айналымда «Хабар» мен «Қазмедиа А» мәреге бірінші жеткен. Екеуінің де еншісінде бір-бір жеңілістен бар еді. Алайда екінші айналымда «Хабар» екі-ақ ұпай жоғалтса, «Қазмедиа А» шешуші ойында басты бәсекелесінен ұтылып қалды. Осылайша екі айналымда да бір реттен ұтылған «Қазмедиа А» биылғы маусымның ең тұрақты командасы атанды.

“А” лигасы бірінші айналымының турнир кестесі

Ал аутсайдерлер айқасында «Егемен Қазақстан» бірінші айналымда 3-ақ ұпай жинап, соңғы орынды меншіктегенімен екінші айналымда ұпайларының санын 10-ға дейін жеткізіп, турнир кестесінде 4-ші орынға көтерілді. Соңғы орын «Спорт 59» командасында. Бек Төлеудің жігіттері бірінші айналымда 6 ұпай жинай алғанымен екінші айналымда екі матчты тең өткізіп, соңғы орыннан бір-ақ шыққан.

“А” лигасы екінші айналымының турнир кестесі

«Мазмұндама» – үздік үштікте

Маусымды тамаша өткізген «Астана ТВ» бірде-бір кездесуде жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Тек екінші айналымда бір-ақ матчты тең өткізген. Ал егер екінші айналымның ғана ұпайын санар болсақ, онда «Мазмұндама» маусымды 3-ші орынмен аяқтар еді. Бірінші айналымды 5-ші орынмен аяқтаған «Қазмедиа В» соңғы орыннан бір-ақ шығар еді.

“В” лигасы бірінші айналымының турнир кестесі
“В” лигасы екінші айналымының турнир кестесі

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close