Жаңалықтар

А лигасы. Үміт ақтамаған үздіктер

Әр футболшының өз тоқырау кезеңі болады. Тіпті, Роналду мен Мессидің де доптары түзу ұшпаған ойындары кездескен. Сондықтан, өткен біріншілікте «Ағаштар құрамына» енген әріптестерді аса қатты жазғырмаңыздар. Келесі маусымда кез келгені өз командасының көшбасшысы болуы әбден мүмкін.

Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан)

Өткен маусымда «Егемен Қазақстан» 12 ойында қақпасына барлығы 77 гол жіберген. Орта есеппен әр матчта 6,5 голдан. Иә, былтыр ғана күміспен күптелген команда үшін бұл өте нашар көрсеткіш. Ал команданың қақпасын бұл маусымда негізінен Берік Шәпетов қорғады.

Резерв: Алпыс МЕЙРАМБАЕВ (Спорт 59)

Былтырғы маусымнан кейін көрермендердің көзайымына айналған Алпыс Мейрамбаевтан биыл да көпшілік керемет сейвтер күткен еді. Алайда, Алпыс футзалдың қақпашысы емес екен, жиі қателесті. Тіпті, болмашы автоголдар да кіріп жатты.

Қорғаушылар – Олжас КҮЛТЕШОВ (Спорт 59) пен Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар 24)

Олжас Күлтешов биыл несімен есте қалды? Бір-екі рет допты қарсыласының ауынан өткізіп, көпшілікті қол соқтырғаны бар. Басқа ешнәрсе бітірген жоқ. Өз финттарына өзі алданып, тіпті қақпасына автогол соқты. Сондай-ақ, көп жағдайда ойындарға кешігіп, командаластарын қиын жағдайда қалдырып жатты.

«Хабар» сапында артық екенін мойындаған Нұрахмет Бектұрғанов трансферлік маусымда «Хабар 24» командасына ауысқан. Бірақ, ескі жарақаттары сыр беріп, мұнда да өзінің бар әлеуетін көрсете алған жоқ. Бәлкім, Нұрахметке толық бейімделу үшін «Хабар 24»-ке ертерек ауысу қажет пе еді?..

Резерв: Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа А), Самат СЫРЖАНОВ (Qazaqstan TV)

Рас, Талғат Қайролла бір ойында хет-трик жасады, тағы бір ойында командасына жеңіс сыйлады. Дегенмен, көрермендер бұрынғы азулы Қайролланы көре алмады. Көбіне қосалқы құрамда ғана отырды. Ал Самат Сыржанов ұлттық арнаның негізгі қорғаушысы болғанымен командасын алға сүйрей алған жоқ. Жалпы «Qazaqstan TV» секілді ол да маусымды ала-құла өткізді.

Шабуылшылар – Асқар ХАМИДЕН (Хабар) мен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А)

Асқар Хамиденнің неліктен «Егемен Қазақстан» командасынан бас тартқанын түсіне алмадық. Тым болмағанда маусымды сол командада бастауы қажет еді. Дегенмен, «Хабарға» ауысқаннан кейін де Асқар алаңда көсіле шаба алмады. Рас, мақсатына жетіп, чемпион атанды. Бірақ, бұл кубок оған қаншалықты ләззат сыйлады екен?

ЦАИ МИК РК командасымен қосылмай тұрып, Құмарбек Азат «Қазмедианың» басты ойыншысы болған. Биыл Құмарбек көшбасшы емес, көптің бірі болды да қалды. Голдарынан гөрі даулары көбейіп кеткен аталмыш шабуылшы бір-екі ойындарда ғана болмаса, негізінен аса көп көзге түсе алған жоқ.

Резерв: Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар), Қанат ТАКИРОВ (Қазмедиа А)

Маусымның басында Шыңғысқа жарақаты кесір болып, біраз ойындарды жіберіп алды. Одан кейін бабына келе бастағандай болған. Алайда, «Қазмедиа А» командасына қарсы соңғы турдағы ойын оның әлі үлкен айқастарға дайын еместігін көрсетті. «Хабар 24» сапында негізгі шабуылшылардың бірі болып, кейін чемпиондық амбициясы оянған Қанат Такиров «Қазмедиа А» командасына ауысқан. Алайда, ол жақта қосалқы құрамда отырып қаламын деп ойламаған болуы керек. Сондықтан болар, жүйкесі де жиі сыр беріп, ойын ережесін де шектен тыс бұза берді. Нәтижесінде чемпиондық матчты трибунадан тамашалауға мәжбүр болды.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 14:00
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа В 0
Ертең, 14:50
Qsport.kz 0 NatGeo Qazaqstan 0
Ертең, 15:40
Мазмұндама 0 №1 Sportchannel 0
Ертең, 16:30
«Aiqyn+Литер» 0 Спорт 59 0
Ертең, 17:20
Еуразия+ОРТ 0 Қаламгер 0
Ертең, 18:10
Хабар 24 0 Астана ТВ 0
Ертең, 19:00
Егемен Қазақстан 0 Qazaq radiolary 0