Жаңалықтар

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ – БАҚ лиганың келесі маусымы «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдығы аясында өтеді

БАҚ лига бесінші маусымының марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Журналистер біріншілігінің алтыншы маусымы бас газеттің жүз жылдығы аясында өтетіндігін мәлімдеді.

1919 жылы құрылған «Егемен Қазақстан» газеті 100 жылдықтың аясында биыл әр бағытта көптеген жобаларды қолға алды. Соның ішінде журналистердің басын спорттық тұрғыда бір арнаға тоғыстыратын БАҚ лига жобасы да бар. Аталмыш серіктестіктің аясында шағын футболдан Журналистер біріншілігінің жазғы маусымын бірге өткізу және журналистер арасында спорттық қайырымдылық шараларын өткізу мәселелері қарастырылған.

– БАҚ лиганың аяқ алысына ризамыз және әрдайым бұл жобаға қолдау көрсетуге әзірміз. Нақты айтқанда, шағын футболдан Журналистер біріншілігінің келесі жазғы маусымы «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы аясында өтеді. Сондай-ақ, БАҚ лигамен бірлесе отырып, жақында журналистер арасында спорттық қайырымдылық шараларын өткізбекпіз. Алдағы уақытта осы мәселелерді толық талқыдан өткізіп, жоспарларымызды айқындаймыз, деді Дархан Қуандықұлы.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ лиганың келесі маусымы маусым айында басталып, тамыз айының ортасына дейін созылады деп жоспарлануда.

1 thought on “Дархан ҚЫДЫРӘЛІ – БАҚ лиганың келесі маусымы «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдығы аясында өтеді”

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 21:00
BAQ United 0 VIP Press 0
Ертең, 21:30
7SU news 0 Sport Media 0
Ертең, 22:00
Qalamger 0 Taldy Paris 0
23/02/2020 10:00
Қаламгер 0 Хабар 24 0
23/02/2020 10:50
«Aiqyn+Литер» 0 Qazsport 0
23/02/2020 11:40
Мазмұндама 0 Qsport.kz 0
23/02/2020 12:30
Хабар 0 NatGeo Qazaqstan 0