Жаңалықтар

В лигасы. 13-турдың таңдаулы құрамы түзілді

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 13-турының қорытындысы бойынша түзілген «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна)

Өткен турда «Ел арна» 8:2 есебімен «ДИАП Qazaqstan» командасын ойсырата ұтты. Бірақ, таблоға қарап, шаруаның бәрін шабуылшылар тындырған екен деп ойламаңыз. Жоқ, олардың да еңбектерін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, егер Жарқын Біркеновтің қақпадағы сенімді сейвтері болмағанда, онда «Ел арна» қарсыластарын мұндай есеппен ұта алмас еді.

Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Мағжан ТӨЛЕУОВ (Қазмедиа В)

«Qazaq radiolary»-мен болған арпалыста «Астана ТВ» 0:2 есебімен жеңіліп жатты. «Бітті, енді ештеңе көмектеспейді» десіп жатты жиналған жанкүйер. Кенет, Александр Олейниктің алаң ортасынан тепкен екі добы қарсылас қақпасында тулап жатты. Осы дубльдің арқасында «Астана ТВ» алғашқы жеңілістен аман қалды.

«Мазмұндама» ойыншыларының «Қазмедиа В» қақпасына бір-ақ гол соғуы Мағжан Төлеуовтің арқасы. Әйтпесе, «ақ жейделілер» гол соғатын талай мүмкіндікке ие болған. Барлық шабуыл осы қорғаушыға тіреліп қалып жатты.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Ратмир ӘУБӘКІР (Қаламгер)

Мұндай шабуылшыны командасында ұстап қалу Жасын Біркеновке қиын болады-ау. Трансферлік нарықта Дәурен Жолдасовқа сұраныс көп. Барлық команда өз сапынан көргісі келеді. Мықтылығын Дәурен де матч сайын дәлелдеп жүр. Мәселен, өткен турда сұрмерген «ДИАП Qazaqstan» қақпасына кезекті рет покер жасады.

Ал маусымның нағыз ашылуларының бірі болған Ратмир Әубәкір өте қиын ойында «National Geographic Qazaqstan» қақпасына хет-трик жасап, командасына аса маңызды үш ұпайды сыйлады. Жалпы, Ратмирді өз сапынан көргісі келетін командалар баршылық. «Қаламгерде» қала ма, жоқ па, уақыттың еншісі.

Резерв:

Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Мазмұндама).

Қорғаушылар – Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary), Айдын ҚАНЖЕКЕЕВ (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Нұрбол ТАЗАБЕК (Қаламгер), Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary).

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close