Жаңалықтар

А лигасы. 13-турдың таңдаулы құрамы жасалды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 13-турының қорытындысы бойынша түзілген «А» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан)

Өткен тур Журналистер біріншілігіндегі ешбір киперге оңай болған жоқ. Бәрі де қақпаларынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Голдан құрғақ шыққаны «Егемен Қазақстан» қақпашысы Берік Шәпетов қана. Қанша жерден қыспаққа алса да, «Хабар 24» жігіттері Шәпетовтің осал тұсын таба алған жоқ.

Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар) пен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

Шебердің аты шебер ғой. Жардың алдында құлауға шақ тұрған «Хабарды» өзінің хет-тригімен құтқарып қалған Бимухамед Букеев өзінің басты міндеті қорғаныста да сауатты ойнай білді. Алайда, алғы шептегі әріптесі Нұрсұлтан Қабылбектің дәл осы ойындағы қауқарсыздығын дер кезінде байқаған Бимухамед қорғана жүріп, өзі де алға атойлап шығып жатты.

Әріптестері арасында «Терминатор» аталып кеткен Елтай Нұрғазин «Хабардың» қарымды шабуылдарына әжептеуір төтеп беріп, қақпасын бірнеше қауіптен құтқарып қалды. Өзі де қарап қалған жоқ. Қарсыластары Бексаттар Саттардан қауіптеніп жүргенде, тыңнан Елтайдың өзі шабуылдап, дубль жасап кетті.

Шабуылшылар – Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Спорт 59) пен Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан)

Рас, «Спорт 59» командасы бұл жолы жеңіліп қалды. Басты бәсекеліс «Qazaqstan TV» алдында тізе бүкті. Дегенмен, басқа-басқа, бірақ Нұрмұхамед Байсүгіровке кінә арта алмайсыз. Қолынан келгеннің бәрін жасап, покердің авторы атанды. Бесінші голға да тікелей қатысы бар.

«Хабар 24» командасына қарсы кездесуде «Егемен Қазақстан» командасының ойынын емес, шабуылшысы Азамат Жандарбековтің бенефисін көрдік. Қалауынша гол соғып, покер авторы атанған Азамат өз командасына өте маңызды үш ұпайды сыйлады.

Резерв:

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat).

Қорғаушылар – Алмас МАНАП (Егемен Қазақстан), Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).

Шабуылшылар – Жандос МАНАШЕВ (Qazaqstan TV), Мирас ЖАҚЫПОВ (Qazaqstan TV).

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close