Жаңалықтар

“А” лигасы. 12-турдың таңдаулы құрамы жасалды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 12-ші турының қорытындысы бойынша жасалған «А» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан)

«Егемен Қазақстан» командасына қарсы «Спорт 59» өте мықты құраммен алаңға шықты. Алғы шепте Нұрмұхамед Байсүгіров ойқастап, сәт сайын «егемендіктердің» қақпасына жорық жасаумен болды. Алайда, Берік Шәпетов сыр берген жоқ. Рас, матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Әйтсе де, кипердің сейвтері болмағанда «Егемен Қазақстанға» бұл ойында тең есепке де қол жеткізу қиын болар еді.

Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59) пен Төлеубек ҚАДЫРМОЛЛА (Егемен Қазақстан)

Ербол Кенжебаев биылдыққа «таңдаулылар командасының» негізгі құрамына екінші рет кіріп отыр екен. Бір қызығы, екеуінде де қорғаушы «Егемен Қазақстанға» қарсы ойнаған. Біріншісінде хет-трик жасаса, бұл жолы бір голмен шектелген. Бірақ, өз міндетін мүлтіксіз атқарды. Қарсыластарының шабуылшыларына барынша тосқауыл қойып, «Спорт 59» соққан үш голға да үлесін қосты.

БАҚ лигадағы әмбебап ойыншылардың бірі – Төлеубек Қадырмолла. Өмірдегі ұстанымы айқын болса да, алаңда нақты позициясы жоқ ойыншы. Бірақ, қорғаныста да, шабуылда да мықты. «Спорт 59»-ға қарсы қорғана жүріп шабуылдады. Бір қадам кері шегінсе, екі қадам алға басып, қарсыластарын өз айып алаңына жақындатпауға барынша тырысты.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А)

«Хабар 24»-тегі әріптестеріне қарсы ойын «Хабарға» оңай болған жоқ. Ұзақ жолдан шаршап келген чемпиондардың күші үзіліске дейін-ақ сарқылып қалды. Егер Нұрсұлтан Қабылбектің хет-тригі болмағанда, онда чемпиондық тәждерін шешулері де ғажап емес еді.

Үш ай бойы ұйқысырап жүрген Құмарбек Азат ұйқысынан енді оянған секілді. «Qazaqstan TV» командасына қарсы ойында покер жасап, қарсыластарын ғана емес, өз әріптестерін де таңғалдырды. Әу бастан осылай ойнауға не кедергі болды екен?

Резерв:

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Қазмедиа А),

Қорғаушылар – Рауан ОМАРХАН (Хабар 24), Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар),

Шабуылшылар – Жандос МАНАШЕВ (Qazaqstan TV), Абдулла ТӨКЕНОВ (Қазмедиа А).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close