Жаңалықтар

«А» лигасы. «Қазмедиа» мен «Elorda aqparat» командалары «Хабарды» артта қалдырды

Астанада футзалдан Журналистер лигасы бесінші маусымының екінші жартысы турнир кестесіндегі өзгерістермен басталды. «Хабардың» демалысын сәтті пайдаланған басты бәсекелестері «Қазмедиа А» мен «Elorda aqparat» көш басына шығып кетті.

Бірінші айналыммен салыстырғанда «Elorda aqparat» командасына «Спорт 59»-ды жеңу бұл жолы әлдеқайда оңайырақ болды. Оның үстіне, Бек Төлеудің шәкірттері де матчқа аздап кешігіп келіп, қарсыластарына біршама жеңілдік жасады. Осылайша ойынның басында жылдам гол соғып алған «Elorda aqparat» өздерін бірден сенімді сезініп, айналдырған 10 минуттың ішінде үш минуттық интервалмен үш гол соғып кетті. Тек осыдан кейін ғана ес жия алған «Спорт 59» бірінші таймның соңына таман таблодағы көрсеткішті қысқарта алған. Бірақ екінші таймда тізгінді қайта қолына алған Ғалым Қожабеков шәкірттері қарсылас қақпасына тағы екі гол соғып, қорытынды есепті 5:1-ге жеткізді.

Өз кезегінде «Егемен Қазақстанмен» кездескен «Қазмедианың» бірінші командасы қарсыластарының екі голына сегіз тура соққымен жауап беріп, 8:2 есебімен жеңіске жетті де, турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Дегенмен, ойынды фавориттер сылбыр бастады. Әлде, трансферден кейін құрамын 50 пайызға өзгерткен «егемендіктердің» жаңа ойыншылары өздерін дәлелдегісі келді ме, әйтеуір матчтың алғашқы жартысын еліміздің бас газетінің командасы толығымен өз бақылауында ұстады. Тіпті, есепті ашқан да солар. Қарсыластарының қателігін пайдаланып, допты қақырата тепкен Төлеубек Қадырмолла болатын. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Келесі минутта-ақ «Қазмедиа А» есепті теңестіріп кетті. Өкінішке қарай, «Егемен Қазақстанның» қауқары екінші таймға жетпеді. Үзілістен кейін шаршаңқырап қалған «егемендіктердің» қақпасын «Қазмедиа А» тағы жеті рет тура көздеді.

Дегенмен, «А» лигасында нағыз сенсацияны «Хабар 24» жасады. Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда Хасан Ташенов бастаған жігіттер ұлттық арна командасынан 1:4 есебімен ұтылған болатын. Алайда, трансферлік кезеңде құрамын біршама сапырылыстырып, қақпадағы Аян Омарқұловты алға шығарған «Хабар 24» бірінші нөмірді Хасан Ташеновтің өзіне тапсырыпты. Сондай-ақ, «Қазмедиа А» командасына кеткен Қанат Такировтің орнына «Хабардан» Нұрахмет Бектұрғановты алдыртқан «Хабар 24» бұл жолы «Qazaqstan» телеарнасының командасына еш мүмкіндік бермей, бірінші таймда-ақ қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Ал үзілістен кейін «Qazaqstan»-ға сәл еркіндік бергенімен тізгінді уыстарынан шығармай, тағы сонша гол соғып, таблодағы көрсеткішті 10:2-ге жеткізді.

Осылайша, 8-ші турдан кейін «А» лигасында турнир кестесі біршама өзгеріс тапты. «Қазмедиа А» жеке-дара көш бастаса, «Elorda aqparat» екінші орынға көтеріліп, «Хабар» үшінші орынға түсіп қалды.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
31/03/2019 10:00
DIAP Qazaqstan 0 Қаламгер 0
31/03/2019 10:50
Қазмедиа В 0 Астана ТВ 0
31/03/2019 11:40
Ел арна 0 Мазмұндама 0
31/03/2019 12:30
Qazaq radiolary 0 NatGeo Qazaqstan 0
31/03/2019 13:20
Хабар 0 Спорт 59 0
31/03/2019 14:10
Qazaqstan 0 Егемен Қазақстан 0
31/03/2019 15:00
Elorda aqparat 0 Қазмедиа А 0