Жаңалықтар

«В» лигасы 5-ші турының таңдаулы құрамы түзілді

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 5-ші тур ойындарының қорытындысы бойынша түзілген «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

«Астана ТВ» голкипері Дмитрий Покидаев Журналистер біріншілігіндегі бес турдың үшеуінде қақпасын құрғақ ұстады. Ал өткен жолы азулы «Ел арнамен» кездескен. Әр ойыншысының техникасы бірнеше футболшыға татитын өте мықты команда. Алайда, қақпада Покидаев сынды «Қытай қорғаны» тұрғанда мұндай шабуылшылардан да еш қауіп жоқ екен.

Қорғаушылар – Дәурен БЕРІКҚАЖЫ (National Geographic Qazaqstan) мен Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ)

Ұзақ жарақаттан кейін алаңға бірінші рет шығып тұрған Дәурен Берікқажы «Мазмұндамаға» қарсы ойында қорғанысты ғана күзетіп қойған жоқ, хет-трик жасап, «табиғат жыршыларының» жеңісіне сүбелі үлесін қосты. Нәтижесінде матчтан кейін Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Үздік ойыншы танылды.

Ол гол көп соқпайды, шабуылға да аса қатты араласпайды. Бірақ, «Астана ТВ» командасының ойыны осы капитанға тікелей байланысты. Жүйе жасайтын да сол, ойынды үйлестіретін де өзі. «Ел арнаға» қарсы кездесуде әріптестеріне гол соғатын бірнеше мүмкіндік жасады және қарсыластарының шабуылшыларына еш мүмкіндік берген жоқ.

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary) пен Мәді ҚҰДАЙБЕРГЕН (National Geographic Qazaqstan)

Егер «Qazaq radiolary» командасының ойынына қарап отырсаңыз, ұжымның үздігі Бекнұр Нұрмағанбет немесе Назар Найзабеков пен Елдос Өмірхен емес, аласа бойлы, ықшам денелі Бақытжан Масақов екенін байқайсыз. Әмбебап ойыншы. Қорғанысты да күзетеді, шабуылда да мықты. «Қаламгер» қақпасына покер жасаған ол маусымдағы голдарының санын 10-ға жеткізіп, «В» лигасында сұрмергендер көшін бастады.

Бақытжан Масақовпен бірге БАҚ лиганың ашылуы деп «National Geographic Qazaqstan» командасындағы Мәді Құдайбергенді айтуға болатын шығар. Бұрын бір күндік турнирлерде аса бағасын бермеген екенбіз, қазір 10 голды еншісіне жазып, Масақовпен бірге сұрмергендер көшін бастап тұр. Ал нақты соңғы ойынға келсек, «Мазмұндама» қақпасына дубль жасады.

Резерв:

Қақпашы – Досымжан ЕРМҰРАТ (ДИАП Qazaqstan).

Қорғаушылар – Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа В), Дулат НУРКИН ( ДИАП Qazaqstan).

Шабуылшылар – Ұлан АҚСҰЛТАНОВ (Астана ТВ), Ержан ЖҮНІС ( Qazaq radiolary).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close