ВидеоЖаңалықтар

Қақпақыл эстафета. Әзиз Жұмаділ фристайл тепті

Қазақстан журналистері арасындағы "қақпақыл эстафетасы" одан әрі жалғасады. Бұл жолы Алмас Найманбайдан эстафета қабылдаған Әзиз Жұмаділ допты 37 рет жерге түсірмей теуіп, "дәстүрді" жалғастыруды "Айқын" газетінің жауапты редакторы Асқар Беков пен шоумен, комментатор Александр Олейникке ұсынды. Енді олар шарт бойынша допты жерге түсірмей, 38 рет тебулері тиіс.

– Видеоны түсіріп қойғаныма біраз болған. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты фейсбукке сала алмай жүрдім. Реті келмеді. Барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып жіберген ол жағдайды өздеріңіз де білесіздер. Енді міне, арада екі апта өткенде Алмас браттың Алмас Найманбай алдында айыптымын дей отырып, 82-ші дубльден кейін бір-ақ жүзеге асқан “Қақпақыл эстафетамды” жариялап отырмын. Допты тебе білгенімізбен фристайл дегенге мүлдем жоқ едік, әзер дегенде 37-ні бағындырдық. Ал эстафетаны журналистикадағы ағам, кезінде талай рет қамқоршы болған Аскар Беков пен шоумен, комментатор, жүрген жері PR Александр Олейникке ұсынамын. 38 рет тепсеңіздер жеткілікті. Мен сияқты созып жібермессіздер деп сенемін, – деді бұл жайлы Әзиз Жұмаділ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 10:00
DIAP Qazaqstan 0 Qazaq radiolary 0
Ертең, 10:50
Ел арна 0 Қазмедиа В 0
Ертең, 11:40
Қаламгер 0 Мазмұндама 0
Ертең, 12:30
Хабар 0 Qazaqstan 0
Ертең, 13:20
Астана ТВ 0 NatGeo Qazaqstan 0
Ертең, 14:10
Elorda aqparat 0 Хабар 24 0
Ертең, 15:00
Қазмедиа А 0 Спорт 59 0