Жаңалықтар

Тәртіптік-бақылау комитеті үш ойыншы мен үш команданы жазалады

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, БАҚ лиганың 3-ші турындағы мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

1.

«National Geographic Qazaqstan» – «ДИАП Qazaqstan» ойыны кезінде төреші ысқырығынан кейін қарсыласын қасақана баспен ұрғаны үшін «ДИАП Qazaqstan» командасының ойыншысы Әлібек Ескендіровке (№5) 5 (бес) ойындық дисквалификация беріліп, 3 АЕК көлемінде (7 525 тг) айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Бес матчтық дисквалификацияның үш ойыны іс жүзінде, екеуі шартты сынақ түрде өтеледі. Егер сынақ мерзімінде тағы бір тәртіп бұзушылық тіркелсе, ойыншы 6 (алты) айға алаңнан шеттетіледі.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

2.

«National Geographic Qazaqstan» – «ДИАП Qazaqstan» ойыны кезінде төреші ысқырығынан кейін қарсыласына физикалық әрекет көрсеткені үшін «National Geographic Qazaqstan» командасының ойыншысы Арай Ізбайға (№8) 5 (бес) ойындық дисквалификация беріліп, 3 АЕК көлемінде (7 525 тг) айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Бес матчтық дисквалификацияның үш ойыны іс жүзінде, екеуі шартты сынақ түрде өтеледі. Егер сынақ мерзімінде тағы бір тәртіп бұзушылық тіркелсе, ойыншы 6 (алты) айға алаңнан шеттетіледі.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

3.

«Мазмұндама» – «Астана ТВ» матчынан кейін Ұйымдастыру комитетінің мүлкіне зиян келтіргені үшін «Мазмұндама» командасының ойыншысы Еркін Үсенбаевқа 3 АЕК көлемінде (7525 тг) айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

4.

«Qazaq radiolary» – «Ел арна» матчы кезінде ойын аймағына қатысты алаң жиегіндегі қосалқы құрам мүшелерінің қатарында дисквалификацияға ұшыраған ойыншының болуына байланысты «Qazaq radiolary» командасына 3 АЕК көлемінде (7 525 тг) айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

5

«Хабар 24» – «Хабар» матчы кезінде алаңдағы ойыншысында аяқсауыттың (щитки) болмауына байланысты «Хабар» командасына 5 АЕК көлемінде (12 625 тг) айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

6

«Хабар 24» – «Хабар» матчы кезінде BAQ league Регламентіне сәйкес, ойын аймағына қатысты алаң жиегіндегі қосалқы құрам мүшелерінің қатарында матчқа тіркелмеген ойыншының болуына байланысты «Хабар» командасына 5 АЕК көлемінде (12 625 тг) айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Шешім 2019 жылдың 8 ақпанында күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 18 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 16:30
Егемен Қазақстан 0 Хабар 24 0
Ертең, 17:20
Қазмедиа А 0 Астана ТВ 0
Ертең, 18:10
Qazaq radiolary 0 Хабар 0
25/08/2019 15:40
Ел арна 0 Егемен Қазақстан 0
25/08/2019 17:20
Хабар 24 0 Хабар 0
25/08/2019 18:10
Qazaq radiolary 0 Қазмедиа А 0
31/08/2019 15:40
Қазмедиа А 0 Хабар 24 0