Жаңалықтар

“А” лигасы. Үшінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 3-ші турының қорытындысы бойынша түзілген «А» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Қазмедиа А)

Өткен турдағыдай қақпашыларды таңдауда тағы да қиналдық. Бұл жолы киперлердің барлығы мықты тұрғандықтан емес, іліп аларлығы болмағандықтан тосылдық. Әйтсе де, таңдау «Қазмедиа А» қақпашысы Нұрбол Саматқа түсті. Рас, қақпасына екі гол жіберіп алғанымен оның біреуі пенальтиден соғылған еді. Ал резервке сол ойында «Қазмедиаға» қарсы тұрған Саят Сабырбаевты қойдық.

Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59) пен Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар)

Үшінші турда төрт гол соққан шабуылшы жоқ. Есесіне покер жасаған қорғаушы бар. «Егемен Қазақстан» командасына қарсы кездесуде «Спорт 59» қорғаушысы Ербол Кенжебаев әріптестеріне пас шығарумен шектеліп қалған жоқ, командасы соққан сегіз голдың жартысын өз еншісіне жазды.

Өзінің экс командасына қарсы барын сала ойнаған Бимухамед Букеев аянып қалған жоқ. Құдды бір, айта алмай кеткен бір назы бар секілді, әр соққысымен «Хабар 24» ойыншыларына «сәлемдеме» жіберіп те отырды. Кейбір соққылары қақпашының қолынан табылып жатты, әйтпесе тағы 2-3 гол соғатын шамада еді.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Қазмедиа А)

Тепкен добы қақпа торынан табылатын Нұрсұлтан Қабылбектің биыл «снарядтары» түзу ұшпай жүр. Әйтсе де, «Хабар 24»-ке қарсы кездесуде өткен соңғы екі маусымның үздік сұрмергені аяғын түзулей алып, алғашқы хет-тригін атап өтті.

«Qazaqstan TV» командасына қарсы кездесу «Қазмедиа» үшін соншалықты ауыр болады деп ешкім күтпеген еді. 0:2 есебімен ұтылып жатты. Егер Ер-Ұлан Нұрланов дер кезінде ес жиып, екі гол соқпағанда, онда ұтылып қалулары да ғажап емес еді.

Резерв:

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Qazaqstan TV),

Қорғаушылар – Абылай ТҰРЛЫБЕКОВ (Қазмедиа А), Самат СЫРЖАНОВ (Qazaqstan TV),

Шабуылшылар – Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар), Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Спорт 59).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close