Жаңалықтар

BAQ league бесінші маусымына өтініш қабылдау басталды

2019 жылы қаңтардың 20-сында футзалдан Журналистер лигасының бесінші маусымы басталады. BAQ league Ұйымдастыру комиттеті сәуірдің 21-іне дейін созылатын біріншілікке қазақстандық БАҚ редакцияларынан өтініштер қабылдау науқанының басталғанын жариялайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің аясында ұйымдастырылатын Журналистер лигасының бесінші маусымы Назарбаев университеттің Спорт кешенінде өтеді. Оған Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі төрт маусымда да BAQ league біріншілігінде “Хабар” командасы чемпион атанған. Сонымен қатар, аталмыш команда Журналистер кубогының да екі дүркін жеңімпазы.

Өтініштер 2019 жылдың 8 қаңтарына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызға болады: +7 777 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)
BAQ league IV маусымының бас серіктесі – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
Бізді қолдағандар:
Астана футбол федерациясы,
Астана халықаралық қаржы орталығы
Серіктестер:
Qazsport телеарнасы,
“Астана” ФК,
Life football спорт дүкені,
All Brands спорт дүкені,
Mammas’ Pizza пиццериясы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
Ертең, 14:00
Kazaknews.kz 0 Қазмедиа В 0
Ертең, 14:50
Qsport.kz 0 NatGeo Qazaqstan 0
Ертең, 15:40
Мазмұндама 0 №1 Sportchannel 0
Ертең, 16:30
«Aiqyn+Литер» 0 Спорт 59 0
Ертең, 17:20
Еуразия+ОРТ 0 Қаламгер 0
Ертең, 18:10
Хабар 24 0 Астана ТВ 0
Ертең, 19:00
Егемен Қазақстан 0 Qazaq radiolary 0