Жаңалықтар

Пиццаға тойғандар немесе кім неше рет үздік атанды

BAQ league серіктестерінің бірі Mammas' Pizza пиццериясы жазғы маусымда әр матчтың үздік ойыншыларын анықтап, оларды пиццаның сертификаттарымен марапаттап отырған болатын. Ендеше санап көрелік, кім неше пицца жеді немесе кім неше рет үздік атанды?

«В» лигасын алар болсақ, «Elorda aqparat» ойыншылары пиццаға әбден тойды. Маусымда өзі 12 ойын өткізсе, соның 10 матчынан кейін Mammas’ Pizza-ға барған екен. Екінші орында 9 пиццамен «Qazaqstan» тұр, ал «Хабар 24» 8 пиццамен үздік үштікте. Жалпы, «В» лигасында әр команда ойыншылары кемі бес кездесуде үздік атанып отырған.

«А» лигасында, жалпы осы маусымда ең көп пиццаға ие болған команда – «Хабар». Еншілерінде 12 пицца. Дегенмен, «хабарлықтар» 12 пиццаның бесеуіне Журналистер кубогында қол жеткізіпті. Екінші орында – ЦАИ МИК РК. Олар тоғыз ойында үздік ойыншы атанған. Соның сегізі біріншіліктің еншісінде болса, біреуі Кубоктық матчқа тиесілі. Үшінші орында «Спорт 59» командасы. Бұл команда 4 рет біріншілікте, 3 рет кубоктық ойында және бір рет електік матчта пицца жепті.

Ал ойыншыларға келер болсақ, төртінші маусымда барлығы 64 ойыншы матч үздігі болған. «В» лигасында Айбек Рахымов (Elorda aqparat), Бексаттар Саттар (Elorda aqparat) және Жасын Біркенов (Хабар 24) үш реттен үздік болса, «А» лигасында «хабарлық» Нұрсұлтан Қабылбек пен ЦАИ МИК РК қақпашысы Дмитрий Покидаев үш кездесуден кейін тікелей Mammas’ Pizza-ға тартыпты. Сондай-ақ, «В» лигасында Мирас Жақыпов (Qazaqstan), Тимур Закарин (Sportinform.kz), Нұрсұлтан Шәмшиден (Муфтият кз), Асқар Мұхтаров (Qazaqstan), «А» лигасында Бимухамед Букеев (Хабар), Абдулла Төкенов (ЦАИ МИК РК), Бейімбет Молдағали (Спорт 59), Дәурен Жолдасов (ЦАИ МИК РК), Сапарғали Қанат (Хабар), Құмарбек Азат (Қазмедиа), Еркебұлан Жомарт (Егемен Қазақстан), Самат Иманбеков (Спорт 59), Асқар Хамиден (Егемен Қазақстан) екі ойында үздік атаныпты.

BAQ league Ұйымдастыру комитеті Mammas’ Pizza пиццериясына серіктестік үшін алғыс білдіреді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close