Жаңалықтар

«А» лигасының келесі маусымына қатысатын командалар белгілі болды

Кеше електік ойыннан кейін BAQ league біріншілігінің келесі маусымында «А» лигасына қатысатын командалар толық белгілі болды.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін біріншіліктің бесінші маусымында «А» лигасында сегіз команда бақ сынайды. Нақты айтсақ, «Хабар» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» газеті, ЦАИ МИК РК, «Қазмедиа» орталығы, «Асыл арна» телеарнасы және «Спорт 59» құрама командасына «В» лигасынан «Elorda aqparat» агенттігі мен «Хабар 24» телеарнасы қосылды.

Ал «В» лигасында дәл қазір бес команда бар. Олар: «Qazaqstan» ұлттық арнасы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі, «Еуразия+ОРТ» телеарнасы, «Қаламгер» журналистер құрамасы және «Sportinform» сайты. Дегенмен, жаңа маусымда «В» лигасындағы командалар саны сегізден де асып кетуі мүмкін деген болжам бар.

BAQ league біріншілігінің бесінші маусымы қараша айының соңында басталады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close