Жаңалықтар

«А» лигасы. Чемпион мен вице-чемпион тең түсіп, «Спорт 59» көш бастады

BAQ league төртінші маусымы бірден тартысты ойынмен басталды. Жасыл алаңда өткен маусымның чемпионы «Хабар» мен вице-чемпионы ЦАИ МИК РК кездесіп, өзара тең есепке қанағат білдірді.

Есепті алғашқы минуттарда-ақ «хабарлықтар» ашқанымен көп ұзамай министрліктің жігіттері таразы басын теңестіріп кетті. Тіпті, тағы екі гол соғатын да мүмкіндіктері болған. Алайда, доп бірден қақпа маңдайшасынан кері серпілсе, енді бірден бағанаға тиіп, қиыс кетіп жатты. Дегенмен, екінші таймды қарқынды бастаған ЦАИ МИК РК журналистері 3:1 есебімен алға шыға алды. «Хабар» таблодағы көрсеткішті қайта түзеп, басымдыққа да ие болған. Бірақ, өткен маусымдағыдай қос команда бұл жолы да бір-бір ұпай еншілеп тарқасты. Қорытынды есеп – 5:5.

Тағы бір тең есеп «Егемен Қазақстан» мен «Асыл арна» арасындағы кездесуде тіркелді. Әу баста «егемендіктер» фаворит саналып, есепті бірінші болып та ашқанымен «Асыл арна» журналистері таразы басын теңестіріп те, алға шығып та үлгерді. Алайда, бұл кездесуде екі команда бір-бірін ала алмады. Қорытынды есеп – 3:3.

Бәсекелестерінің сүрінуін «Спорт 59» командасы сәтті пайдаланды. Күтпеген жерден «Қазмедианы» ұтқан Бек Төлеу бастаған жігіттер 3:2 есебімен қарсыластарын тізерлетіп, «А» лигасының турнир кестесінде көш бастады.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close