ЖаңалықтарСұхбат

Ринат КЕРТАЕВ: «BAQ league – бұл нағыз жарыс»

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ринат Кертаев футболдан Журналистер лигасы туралы пікірін білдіріп, өз командасының биіктен түспейтіндігіне сенім білдірді.

– БАҚ лиганың соңғы турында журналистеріміздің футзал алаңында  жан алысып, жан беріскен ойындарын көріп таң тамаша күйде болдым. Расында да, бұл нағыз – жарыс. Байқағаным, ешқайсысы жеңілгісі келмейді. Орайын тауып, әр команда өздері жұмыс істейтін ұйымның атын шығаруға бар күштерін салып жатыр. Бір жағы бас қосып, әріптестікті достыққа айналдыруға мүмкіндік сыйлап отырған Астана қаласының футбол федерациясына және ұйымдастырушылар алқасына көптен-көп алғыс айтқым келеді. Ал біздің агенттіктің жігіттері биыл үшінші рет чемпион атанып, мерейімізді өсіріп отыр. Бұл да біздің бір жетістігіміз. Сәтін салып, әріптестеріміз әрі қарай да осы биіктен түспеуге бар күш-жігерін салады деген сенімдеміз, – деді Ринат Думанұлы.

Шамкен БАЙЫРБЕК

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close
31/03/2019 10:00
DIAP Qazaqstan 0 Қаламгер 0
31/03/2019 10:50
Қазмедиа В 0 Астана ТВ 0
31/03/2019 11:40
Ел арна 0 Мазмұндама 0
31/03/2019 12:30
Qazaq radiolary 0 NatGeo Qazaqstan 0
31/03/2019 13:20
Хабар 0 Спорт 59 0
31/03/2019 14:10
Qazaqstan 0 Егемен Қазақстан 0
31/03/2019 15:00
Elorda aqparat 0 Қазмедиа А 0