Жаңалықтар

Трансферлік кезеңнің уақыты белгіленді

BAQ league Ұйымдастыру комитеті Журналистер лигасы үшінші маусымның трансферлік кезеңін бекітті.

Трансферлік терезе 2018 жылдың 26 наурызында ашылып, наурыздың 30-ы күні (сол күнді қоса есептегенде) жабылады.  Яғни, 5-ші және 6-шы турдың ортасы. Осы аралықта командалар құрамдарын күшейтіп, толықтыра алады.

Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін және журналистика факультетінің түлектерін қосуларына құқылы.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

  • Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),
  • Өтініш қағазы (еркін түрде),
  • Жеке куәліктерінің көшірмесі,
  • Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),
  • Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),
  • Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),
  • Жұмыс орнынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша),
  • Еңбек келісімшартының көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша) – келісімшарт кемі үш ай бұрын жасалған болуы тиіс.
  • Зейнетақы қорынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша) – соңғы үш айға.
  • Диплом көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)
  • BAQ league-ның хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league үшінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Mamma’s Pizza» пиццериясы, «Joma-Astana» сауда дүкені.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close