Жаңалықтар

Азамат Бертисовтың жазасы жеңілдетілді

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан Журналистер лигасының 1-ші туры аясында өткен «Астана ТВ» мен «Хабар» командалары арасындағы кездесудің 12-ші минутында қарсыласын дөрекі әдіспен шалып жығып, бірден қызыл қағаз алып алаңнан қуылған Азамат Бертисов Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен үш ойыннан алаңнан аластатылған болатын.

«Астана ТВ» командасының капитаны Әділет Құсайыновтың арызын қарастырған Тәртіптік-Бақылау комитетінің мүшелері Азамат Бертисовтың жазасын жеңілдетіп, үш ойыннан бір матчқа дейін қысқартты.

Осылайша Азамат Бертисов Журналистер лигасының 3-ші турынан бастап қайта алаңға шыға алады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

Close